ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 мая 2021 | 11:44

"Қытай вакцинасына QazVac жапсырмасы желімделген". Мамандар түсінік берді

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/tabynov Фото: facebook.com/tabynov

Әлеуметтік желіде "қытай вакцинасының ампуласына QazVac жапсырмасы желімделген" делінген аудиохабарлама тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде "қытай вакцинасының ампуласына QazVac жапсырмасы желімделген" делінген аудиохабарлама тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудиохабарламада әйел өзінің жұмыстан келе жатып, медициналық институтта оқитын студент қызбен жолыққанын айтады. Студент оған басшылықтың бірнеше күннен бері телефондарын тартып алып, тексеріп, "СҚ-Фармация" қоймасына апарып, қытай вакцинасының ампулаларына қазақстандық жапсырманы желімдеуге мәжбүрлейтінін, сөйтіп QazVac деп көрсетілетінін айтқан. Сонымен қатар, аудиода "әр студентке норма - 20 мың ампула беріліп, біреуге айтатын болса оқудан шығатынын ескертіпті" делінген.

Осыған қатысты "СҚ-Фармация" ЖШС мамандары түсінік беріп, бұл ақпарат жалған екенін айтып отыр. Берілген жауапта елге жеткізілген вакциналар міндетті түрде стикерлеу шарасынан өтетіні айтылған.

"ҚР ДСМ тапсырмасы бойынша "СҚ-Фармация" ЖШС Бейжің биологиялық зерттеулер институты әзірлеген және БАӘ Gulf Pharmaceutical Industries Julphar-да Hayat-Vax сауда атауымен өндірілген КВИ-ға қарсы вакцина сатып алды. Вакцинаның бірінші партиясы Қазақстанға биыл 30 сәуірде 400 мың қаптама көлемінде келіп түсті. ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне сәйкес, дәрілік заттар қаптамаға басылған таңбамен (бастапқы және қайталама), қазақ және орыс тілдерінде жақсы оқылатын қаріппен, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен (қосымша парақ) айналымға түсуі тиіс. Сондай-ақ, 251-бапқа сәйкес, қазақ және орыс тілдерінде жақсы оқылатын қарпі бар стикерлерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік препараттарды әкелуге жол беріледі", - делінген жауапта.

Ведомство өкілдерінің сөзіне қарағанда, келіп түскен партияның қаптамасын таңбалау ағылшын және араб тілдерінде жасалған. Осыған байланысты вакцинаның қаптамасына қазақ және орыс тілдерінде таңбасы бар стикерлер жапсырылған.

"Стикерлеу Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент қалаларындағы Бірыңғай дистрибьютордың хабтарында жүзеге асырылды. Әр қоймада 20-40 жеке қызметкер жұмыс істеді. Аталған рәсімді жеделдету мақсатында ерікті негізде волонтерлердің көмегі тартылды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам, Алматыда - 5, Ақтөбеде - 10, Шымкент қаласындағы хабта волонтерлер тартылған жоқ. Көмек ерікті түрде жүзеге асырылғандықтан, қандай да бір шарттарға қол қою көзделмеген. Осылайша, еріктілер стикерлер мен аннотацияларды дайындау және орау, әрі қарай стикерді қаптамаға салу үшін тартылды. Көрсетілген көмектің арқасында бүгінде процедура уақтылы аяқталды. Қоймаға кірер алдында келушілерге сондағы тәртіп ережелері түсіндіріліп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық берілді", - деді ведомство мамандары.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда үш вакцина бар: "Спутник V", QazVac және Hayat-Vax. Соңғысы Қазақстанға мамыр айының басында келді. Оны жаппай егу 4 мамырда басталған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети