ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
06 января 2021 | 18:19

"Қытайлар жасаған". Қазақстанда крематорий салынды деген жалған ақпарат тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Желіде "Қазақстанда салынған крематорийдің" видеосы тарады. Қазақстандықтар талқылап жатқан видео Ресейде түсірілген ескі ролик болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде "Қазақстанда салынған крематорийдің" видеосы тарады. Қазақстандықтар талқылап жатқан видео Ресейде түсірілген ескі ролик болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роликте ер адам Дружелюбный ауылында екі крематорий салынғанын айтады. 

"Қытайлар жасаған. Жақында іске қосылады", - дейді видео авторы. 

Желі қолданушылары бұл видеоны "Қазақстанда крематорий салынды" деп таратқан.

Бірақ бұл видео Қазақстанда емес, Ресейде түсірілген. Роликте айтылатын Дружелюбный ауылы Краснодар өлкесінде орналасқан. 

Видеоны ресейліктер былтыр желтоқсанда тарата бастаған. Краснодар өлкесінің мэрі Евгений Первышов 23 желтоқсандағы баспасөз мәслихатта крематорий туралы пікірін айтқан. Ол Краснодарда жаңа крематорий салынатынын мәлімдеген. 

Сонымен қатар, бұл видео Дружелюбный ауылы тұрғындарының әлеуметтік желідегі парақшаларында да тараған. Крематорийге бірі қарсы болса, тағы бірі қолдап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети