ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 сентября 2019 | 17:05

"Қытайлық зауыттар керек емес". Үш өңірдегі митингілердің себебі не?

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Соңғы уақыттары қазақстандықтардың саяси белсенділігі артып жатқанын еліміздегі митингілерден байқауға болады. Ол туралы талай қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар да ой білдірген. Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттардан кейін де халық алаңға шыққан бірнеше оқиға болды. Күні кеше Жаңаөзен, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалаларында болған митингілер бұған дәлел. Tengrinews.kz тілшісі төрт күнде болған митингілерге шолу жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы уақыттары қазақстандықтардың саяси белсенділігі артып жатқанын еліміздегі митингілерден байқауға болады. Ол туралы талай қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар да ой білдірген. Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттардан кейін де халық алаңға шыққан бірнеше оқиға болды. Күні кеше Жаңаөзен, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалаларында болған митингілер бұған дәлел. Tengrinews.kz тілшісі төрт күнде болған митингілерге шолу жасады. 

Жаңаөзендегі митинг

Жаңаөзен халқының белсенділігі, ұйымшылдығы мен даулы оқиғаларға бейжай қарамайтыны бұрыннан белгілі. Осы жолы да митингінің ошағы осы қаладан басталды. 2 қыркүйекте Жаңаөзенде жүзге жуық ер адам қала әкімдігі ғимаратының жанында жиналған болатын. Олар тұрғындарды жұмысқа орналастыруды талап еткен еді. Олардың айтуынша, қалада жергілікті халық үшін жұмыс орындары жетіспейді. Бұдан басқа, адамдар Қытай кәсіпорындарының ашылуына қарсы шыққан. 55 ескі зауыттың Қытайдан Қазақстанға көшірілуі туралы ақпарат WhatsApp желісінде тараған болатын. 

Ғимарат алдына Жаңаөзеннің сол уақыттағы әкімі Әділбек Дауылбаев та келді. Ол тұрғындарға мәселені шешудің өз жолын ұсынған болатын. Ол бірнеше белсендіні облыс орталығында кездесуге шақырды. Алайда қала тұрғындары бұл ұсыныстан бас тартып, биліктен 24 сағат ішінде көтерілген мәселелерге жауап беруді талап етті. Жергілікті тұрғындар 3 қыркүйекте таңертең әкімдіктен ақпарат күтетінін жеткізген. 

"Бүгін таңертең сағат 10.30 шамасында 70-75 адам әкімдік жанына жиналды. Мен оларға түсіндірдім. Олар сұрады, біз жауап бердік. Қазір бәрі тыныш, ештеңе жоқ. Жұмыс істеп жатырмыз. Өзге ақпаратты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен біле аласыздар", - деген еді Әділбек Дауылбаев редакция тілшісіне телефонмен сөйлескенде.

Десе де, келесі күні олар тағы митингіге шықты. Бұл жолы алаңға шыққандардың саны 500-деп асып жығылды. Олармен кездесуге қала әкімімен қоса облыс әкімі Серікбай Трумов та келді. Кейін ол тұрғындармен жеке кездесіп, алаңдататын проблемаларын тыңдап шықты. Сондай-ақ Қазақстан мен өңірде қытайлық кәсіпорындар салынбайтынын мәлімдеді

Оқиға болған жерден видео Telegram-дағы Yedilov online арнасында пайда болды.

Осы оқиғадан кейін Жаңаөзен әкімі ауысты. Жаңа қала басшысын облыс әкімі Серікбай Тұрымов өзі таныстырды. Ол - Мақсат Ибағаров. 

Жаңаөзенде болған бұл заңсыз митингілерден кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев пен  Мәжіліс кулуарында ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеме жасаған болатын. 

Ермек Көшербаев Қытайдан көшірілетін 55 ескі зауытқа байланысты ақпаратты жалған деп тапты. Ол мұндай бағдарламаның болмағанын және жоқ екенін, ескі зауыттар көшірілмейтінін ресми мәлімдеді. Ол Қытаймен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан барлық іріктелген жоба мемлекеттік сараптамадан өтетінін атап өтті. 

Оның айтуынша, Қазақстан-Қытай арасында 55 бірлескен ресми жоба жүзеге асып жатыр. Олар машина жасау, индустрия, агроөнеркәсіп кешені, химия және фармацевтика өнеркәсібі, мұнай-газ секторы мен энергетика салаларын қамтиды. Жобалар құны - 27,5 миллиард АҚШ доллары. Ермек Көшербаев индустриаландыру мен инвестицияларды тарту жөніндегі осындай бағдарламалар Қытаймен ғана емес, басқа елдермен де әзірленгенін атап өтті. Ол АҚШ пен Германияны мысал ретінде келтірді. 

Ал Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігі Жаңаөзенде заңсыз митинг ұйымдастыру шараларының жолын кеседі деп хабарлаған. Сонымен қатар, тұрғындардың әкіммен кездескенін, соның нәтижесінде түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтқан.

"Бір топ адам Қазақстанда 55 қытайлық кәсіпорын ашылады дегенге қарсы шықты. Бүгінде бұл ақпарат жалған және ешқандай кәсіпорындар ашылмайды, бірлескен кәсіпорындар бар, инвестициялар бар. Бірақ әлеуметтік желілерде қате ақпарат тарап жатыр, бұл заңсыз", - деген еді ол Мәжілістің кулуарында.

Алматыдағы митинг

4 қыркүйекте Алматыда да мыңдаған адам әкімдіктің алдына жиналды. Олар Маңғыстау облысында Қытай кәсіпорнының салынуына қарсы болды. 

"Бізге ешқандай қытайлық зауыттар керек емес. Жастарымыз бен ер адамдарымызға жұмыс керек",  - деген жиынға қатысқан Алматы тұрғыны. 

"Өз экономикамызды өзіміз көтереміз, бізге қытайлық зауыттар керек емес. Олар экологиямызды құртады", - деген тағы бір тұрғын. 

Жиналғандарға Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев шығып, халықты сабырға шақырды. Ол экологияны бұзатын ескі зауыттарды алып келіп, онда қытайлық азаматтар жұмыс істейді деген қауесеттер тарап жүргенін, бірақ біздің өз заңымыз бар екенін, ондайға жол берілмейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, елімізде бұрыннан жұмыс істеп тұрған зауыттар жайлы сөз қозғады. 

"Бұл зауыттар бойынша жұмыстар көптен бері жүргізіліп келе жатыр. Бүгінде кейбіреуі жұмыс істеп тұр. Бірақ бұл толығымен қытайлық кәсіпорындар емес. Ол біріккен зауыттар. Кәсіпорын иесі қазақстандық бизнесмен, ал инвестиция Қытай мемлекетінен алған, кейде зауытта 50 де 50 пайызбен қазақстандық және қытайлық компаниялар басқаратын кездер болады. (...) Бізге инвестиция қажет. Германиялық, ресейлік және тағы да басқа кәсіпкерлермен бірге зауыт құратын кездер болады", - деген Тұяқбаев.

Нұр-Сұлтандағы митинг

4 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда да плакат ұстаған бір топ адам көшелермен жүріп өтті. Олар Республика даңғылымен қозғалып, қалалық әкімдік алдына жиналды. Ол жерден суреттер әлеуметтік желіде пайда болды. Бұл жерде де тұрғындар WhatsApp-та тараған Қытайдың Қазақстанда 55 зауыт салу туралы жоспарына қарсы болды. 

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері жиналғандарға қоғамдық даму істері жөніндегі басқарма басшысы Талғат Рахманберді шығып, олардың әрекеті заңсыз екенін түсіндіргенін айтады.

Бұл заңсыз митингіден кейін ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеме жасады. Ол 55 зауыт туралы мәлімдемені Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары қарсаңында желіде тарай бастағаны біртүрлі екенін айтты.

"Іс-сапар туралы бірдеңе деп айту қиын. Әрине, іс-сапар алдында осындай әңгімелердің шығып жатқаны таңғалдырады. Ешқандай шешім шығара алар емеспін, мұнымен құзырлы органдар айналысады, бірақ Мемлекет басшысының Қытайға сапары қарсаңында осындайды шығарып жатқандары біртүрлі", - деді Қасымбек.

Осы жағдайға байланысты Үкімет түсіндіруге шешім қабылдаған.

"Қоғамға түсінікті болу үшін, бұл жобалар қажет дүние, олардан Желіде айтылып жатқан ешбір қауіп жоқ. Шындап келгенде жарияланып жатқан мәселелер мен Желідегі сұрақтар, ешбір негіз жоқ және мұның барлығы өтірік", - деді Қасымбек үкіметтегі брифингте.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer