ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 марта 2024 | 11:24

"Қызметкер үшін барлық жағдай жасалған". Google компаниясында жұмыс істейтін қазақстандықпен сұхбат

ПОДЕЛИТЬСЯ

әлеуметтік желіден әлеуметтік желіден

Аман Өтемұратов Швейцарияның Цюрих қаласында әлемдегі ең ірі Google компаниясында бағдарламалық қамтамасыз ету инженері болып жұмыс істейді. 5 жылға жуық әлемдеге ең ірі компанияда қызмет етіп келе жатқан ол мұны бала күнінен армандағанын айтты. Massaget.kz тілшісіне Аман Өтемұратов жұмысқа орналасқан кездегі қызық оқиғасы мен қызметкерге жасалған жағдай, жұмыс істеу ерекшелігі туралы әңгімелеп берді.

Иконка комментария блок соц сети

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Көзіме жас алдым"

Аман Өтемұратов компанияға жұмысқа тұру үшін дайындықты ерте бастаған. Ғаламтордан түрлі ақпарат қарап, есеп шығарып дайындалған.

"Бұрыннан Google компаниясында жұмыс істеу арманым еді. Оқу бітірген соң Қазақстанда жұмыс істедім. Арманыма қадам жасап, сол жолда іздене бастадым. Ғаламтордан іздеп, есептерді шығарып, дайындалдым. Ғылыми мақалалар мен техникалық кітаптар оқыдым. Тек Google емес, басқа да компанияларға хат жолдадым. Бас тартқан хаттар көп болды. Бірде booking.com​ компаниясының бағдарламашысы Әлібек Датбаев деген жігітті көріп қалдым. Сол жігітке резюмемді booking компаниясына орналастыруды сұрадым. Яғни, ұсыныс хатымды компания қызметкерлері міндетті түрде қарайды. Сөйтіп, ең алғаш сол компаниядан шақырту түсті. Кеңсесі Нидерланды еліндегі Амстердамда орналасқан. Сол жақта екі жыл жұмыс істедім. Бірақ Google компаниясына жұмысқа тұруға дайындығымды тоқтатпадым", - деді ол.

Екі жылдан соң оны Google компаниясы жұмысқа шақырған.

"Booking.com​ компаниясы шақырғанда қатты қуандым. Өйткені шетелге бірінші шығуым еді. Ұсынысты тапсырып қойғаннан кейін "мені ала ма, алмай ма?" деп ойлап, көңіл-күйім түсіп жүрген еді. Бір күні электрондық поштама келісім-шартпен бірге "жұмысқа қабылдандыңыз" деген хат келді. Сол сәтте эмоциямның бәрі бір секундқа жиналып қалды. Ал Google компаниясына шақырғанда арманымның орындалғанына қуандым. Жүрегім ауырып, көзіме жас алған сәт болды. Бірақ олар нәтижесін бірден айтпады, созылып кетті. Кейін жұмысқа қабылданғанымды айтқанда, қатты қуандым. Компанияға келіп, жұмысқа орналасқан соң ғана "мә, Google компаниясында жүрмін ғой" дегенді сезіне бастадым", - дейді Аман Өтемұратов.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети