ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
09 февраля 2020 | 14:46

ІІМ Қордайда арандатушының қалай әрекет еткенін айтып берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Әлеуметтік желіде мәлімет таратып, Масанчи ауылындағы жағдайды ушықтарған арандатушы анықталды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде мәлімет таратып, Масанчи ауылындағы жағдайды ушықтарған арандатушы анықталды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты.

Желідегі ақпараттардан кейін Масанчи аулында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған.

"Біз ақпаратты таратқан арандатушыны ұстадық. Ең қорқыныштысы, ол болған жағдайды жағымсыз жағынан түсіндірген. Бұл жастардың қатысуына себеп болған", - дейді Алексей Калайчиди орталық коммуникациялар қызметінің кулуарында журналистерге.

Сонымен қатар, министрдің орынбасары бүгінде полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан тұрғындардан түсініктеме алып жатқанын жеткізді.

"Біз бір ғана адамның жауабына сүйене алмаймыз. Себебі, бірнеше ауылда жанжал туындаған. Сондықтан біз жанжалға қатысқан барлық адамнан түсініктеме алуымыз керек. Дерек қорын жинап, оған баға беріп, талдау жасауымыз қажет. Кейін жанжалға қатысқан әрбір адамның қандай рөл атқарғанын түсінуіміз шарт. Осылайша, әрбір адамның жанжалға неге қатысқанын анықтай аламыз", - дейді ол.

Қордай ауданындағы қақтығыс: қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Тоқаев дұңған баланың видеосына жауап берді

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети