ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
21 октября 2020 | 15:28

Мәжіліс және Мәслихат сайлауына қанша қаражат жұмсалады? ОСК жауап берді

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын біріккен сайлау кампаниясына шамамен шығындар сметасы 15,3 миллиард теңге болады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын біріккен сайлау кампаниясына шамамен шығындар сметасы 15,3 миллиард теңге болады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Парламент Мәжілісінің бұған дейінгі 2016 жылғы сайлау кампанияларымен және 2019 жылғы президент сайлауымен салыстырғанда алдағы кампаниядағы шығындар көбейеді деп жоспарлап отырмыз.

Бірінші кезекте, жоспарланған шығынның көбеюі - Сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысын төлеу шығыстарының ұлғаюына байланысты жалақының төмен көрсеткішін көтеру.

Екіншіден, халық санының табиғи жолмен көбеюіне байланысты қайта құрылған 86 сайлау учаскесінің құрылуына шығындар көбейді. Оның құрамында комиссияның 600-ден аса мүшесі бар.

Үшіншіден, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, сондай-ақ пандемия жағдайында сайлау өткізуге байланысты міндетті шығындар бағасының инфляциясы. Кампания екі бюджет жылы аясында өтетінін атап өту керек. Сондықтан 2021 жылғы шығындар - 4,5 миллиард теңге "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет" туралы заң жобасында көзделген және бұл сома барлық деңгейдегі сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысын төлеуге жұмсалады. 

Сонда жалпы Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын біріккен сайлау кампаниясына шамамен шығындар сметасы 15,3 миллиард теңге болады. Бұл бюджет қаржысын тиімді пайдалануда ұтымды шешім болып отыр. Себебі екі бөлек сайлау өткізгенде шығын 25 миллиард теңге болатын еді", - деді ОСК хатшысы. 

Еске салайық, бүгін Президент Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сайлаудың ерекшелігін айтып, қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! - 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer