ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 марта 2022 | 13:15

Мәжіліс төрағасы: Президент сын сағаттарда шұғыл да жігерлі шешімдер қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мәділіс төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сын сағаттарда шұғыл да жігерлі шешімдер қабылдап, елді осындай ауыр соққыдан алып шыққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Мәділіс төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сын сағаттарда шұғыл да жігерлі шешімдер қабылдап, елді осындай ауыр соққыдан алып шыққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жағдай қысқа мерзімде тұрақталды. Бүгінгі отырыста сөз сөйлеген азаматтардың барлығы да Президентіміздің табанды шешімдерінің арқасында мемлекеттігіміздің сақталып қалғанын атап өтті. Уақыт өте келе бұл елдік пен тұтастықты сақтап қалу үшін жасалған бірден бір дұрыс қадам екенін түсініп отырмыз", - деді Қошанов Мәжіліс отырысында.  

Мәжіліс төрағасы мән-жайды толық анықтау үшін әлі де біраз уақыт қажет екенін айтты.

"Бұл түсінікті жағдай. Заңдық тұрғыдан барлығы мінсіз болуы керек. Асығыстық танытуға болмайды. Себебі таразы басында адамдардың тағдыры тұр. Бұл жөнінде Президенттің "кінәсіз адам жазаға тартылмауы тиіс, ал қылмыскерлер қатаң жазасын алуы қажет" деген тапсырмасы бар. Ол тапсырма мүлтіксіз орындалуы керек. Осы мәселелер үнемі депутаттардың бақылауында және бұл бақылау әрі қарай да жалғаса береді", - деді Ерлан Қошанов. 

У Tengrinews.kz есть Telegram-канал. Это быстрый и удобный способ получать самые главные новости прямо на твой телефон.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети