ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
19 мая 2020 | 13:39

Маман коронавирустан айыққандардың ағзасында қандай өзгеріс болатынын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырып ауырған науқастардың айыққаннан кейінгі жағдайы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырып ауырған науқастардың айыққаннан кейінгі жағдайы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, коронавирус жұқтырған адамда кейін оның салдары болады. Ол адамның жасына, аурудың қай дәрежесінде келгені және ауыртпалығына байланысты болатынын жеткізді.

"Коронавирус инфекциясынан кейін адамның денсаулығында салдары байқалады. Мұндай салдардың болуы, ең алдымен, ем қабылдаған адамның жас мөлшеріне байланысты. Сондай-ақ науқастың стационарға аурудың қай деңгейінде келгені және ауыртпалықтың қандай түрі болғаны әсер етеді. Иммундық жүйеге әсер етеді, әрине. Науқастардың 4 пайызға жуығы реанимациялық бөлімшелерде болды. Олардың интенсив терапиядан өткенін бірнеше рет айтқан едік. Сосын оларға профильді мамандар көмек көрсетіп, науқастар профильді бөлімшеге ауыстырылады", - деді ол ОКҚ өткен онлайн-брифингте.

Басқарма басшысы инфекциялық стационардан емдеп шығарғаннан кейін салдарының алдын алу үшін науқастарға қалалық басқа стационарларда оңалту шараларын жүргізуге кеңес беретінін атап өтті.

Еске салайық, қазір қалалық ауруханаларда 1022 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 67 пайызы - коронавирус жұқпасынан ем алушылар. Соңғы ақпаратқа сәйкес Нұр-Сұлтанда 1287 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның 84-і  - 18 жасқа дейінгі балалар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 495.34   523.31   4.94 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети