ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
11 августа 2020 | 09:32

Мамин ДСМ-ге карантинді жеңілдету бойынша тапсырма берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tengrinews.kz Фото: tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин тәртібін біртіндеп жеңілдету мәселесі қаралатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин тәртібін біртіндеп жеңілдету мәселесі қаралатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Карантин талабын жеңілдету критерийіне сәйкес министрлік инфекцияның репродуктивтігі, соңғы аптадағы ауру-сырқау көрсеткіші, коронавирус инфекциясынан адам өлімі сынды көрсеткіштерді бақылап отыр. Карантиннің 5 аптасында инфекцияның репродуктивтігі 1,15-тен 0,82-ге дейін азайды. Ауру-сырқау көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73-тен 36,2-ге азайды. Бұл негізгі оң динамика біртіндеп карантин тәртібін жеңілдетуді қарастыру керегін көрсетеді", - деді ол үкімет отырысында.

Оның пікірінше, карантин тәртібі жеңілдеген кездің өзінде де тұрғындар маска тағып, қоғамдық орындарда гигиенаны сақтауы керек әрі халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет.

"Карантин тәртібін біртіндеп жеңілдету мәселесі алдағы уақытта өтетін мемлекеттік комиссияның отырысында қаралады", - деді министр.

Осы орайда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин коронавирусқа қарсы шаралар өз нәтижесін беріп жатқанын айтып, денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді.

"Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына бейсенбі күні өткізуді тапсырамын", - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда 100 164 науқас коронавирус жұқтырды. 73 702 науқас жазылды, 1 269 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети