Маңғыстау облысында бір әскери госпиталь және ҰҚК Шекара қызметі департаментінің ғимаратының жанынан ашылған карантин стационарлары әскери қызметкерлер мен отбасы мүшелерін қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысында бір әскери госпиталь және ҰҚК Шекара қызметі департаментінің ғимаратының жанынан ашылған карантин стационарлары әскери қызметкерлер мен отбасы мүшелерін қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ҚР ҰҚК Ақтау қаласындағы емханасы бар өңірлік әскери госпиталі Жұқпалы аурулар бөлімшесінің бастығы ұлттық қауіпсіздік майоры Миргүл Айтмамбетова айтты.
"Әлемдегі, еліміздегі коронавирус инфекциясына қатысты жағдай қиындаған соң, сонымен қатар Маңғыстау облысының территориясында COVID-19 жұқтырғандардың көбеюіне байланысты әскери қызметкерлер, ҰҚК қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері үшін карантин стационарлары дайындалды. Біреуі ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің ғимаратында 50 орындық, екіншісі ҰҚК Емханасы бар өңірлік әскери госпиталінде 20 орындық стационарлар. Екі ғимарат та барлық стационарлық-эпидемиялық нормаға сай дайындалды", - деді майор.
Спикердің айтуынша, екі карантин стационары әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін қабылдауға арналған. Қазір 20 орындық стационарда 14 адам жатыр.
"Бұл екі мекемеге коронавирусқа күдікті әскери қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері жатқызылады. Яғни коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болғандар, тағы тек өңірде жүрген емес, басқа жақтан іссапарамен келгендерді де орналастырамыз. Бүгінде ҰҚК Емханасы бар өңірлік әскери госпиталінде 14 адам жатыр, ал Шекара қызметі департаменті ғимаратындағы стационарға жағдай ушығып, адам көбейген кезде орналастырылады. Карантин стационарларында басқа қаладан іссапармен келген әскери қызметкерлер, ҰҚК шекара қызметінің, "Ақтау" әуежайында істейтін шекара қызметшілері, "Ақтау", "Құрық" теңіз порты, Темірбаба және Тәжен, Болашақ - ТЖ, Бейнеу - ТЖ шекара қызметкерлері бақылауға алынған. Шекарашылар басқа елдерден келген шетелдіктер мен отандастарымызды бірінші болып күтіп алады. Сондықтан, міндетте түрде, тексереміз", - деді ол.
Бөлімше бастығының айтуынша, карантин стационарларына жедел жәрдем келеді, пациенттерден анализ алады. Содан соң науқастың анализдері оң нәтиже көрсетсе я болмаса COVID-19 белгілері байқалса, бірден провизорлық стационарға алып кетеді. Ал, белгілері байқалмаған тұлғаларды әскери госпитальге 14 күнге карантинге жатқызады.
"Бізге жедел жәрдем келеді, олардан анализ алады. Жедел жәрдем тексерген кезде науқаста жедел респираторлық вирустык инфекция белгілері бар болса, я болмаса COVID-19 вирусының белгісі болса, бірден провизорлық стационарға алып кетеді. Ал, ондай белгілері байқалмаған азаматтар госпитальге 14 күнге карантинге жатқызылады. Күнделікті науқастардың дене қызуы, тыныс алу қарқыны, қан-қысымы тексеріледі", - деп түсіндірді бөлімше бастығы.
Еске салайық, Маңғыстау облысында 11 адамнан коронавирус анықталған. Елімізде 1267 адам COVID-19 жұқтырған. 203 науқас жазылды, 14 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!