ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
13 августа 2024 | 11:00

Маңғыстаудың жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бозжырадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Маңғыстау облысының жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбай Massaget.kz-ке берген эксклюзив сұхбатында тарихи жәдігерлердің басындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбай Massaget.kz-ке берген эксклюзив сұхбатында тарихи жәдігерлердің басындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

- Тарихи орындарға қонақүй салына ма, бұл жерлер қалай қорғалады? 2 жыл бұрын Бозжыраның басына қонақүй салу мәселесі қызу талқыланып еді...

- Қазір әрбір қасиетті жерді бір жеке кәсіпкерлікке бекітіп қою деген бастаманы қозғап отырмыз. Ол тазалығын, келген адамдарға жағдай жасалуын қарап отыруы керек. Үлкен проблема, айтсаң өзімізге келеді. Тарихи орындардың басындағы тазалықтың жоқтығы. Бәрі деп айтпай-ақ қояйын, кейбір азаматтар келеді, өзінен қалған қалдықтарын қалдырып кетеді. Тазалық сақтау үшін мүмкін кішігім қонақүйлер салу керек. Бозжыраның тұсында не болып кеткенін көрген шығарсыздар (Инвестор Бозжыра шатқалында қонақүй салудан бас тартты еск.). Өзімнің жеке пікірім, ол жерге қонақүй салынуы керек. Қонақүйдің иесі сол жердің тазалығын сақтау керек. Келген халыққа жағдай жасалуы керек. Дүние жүзі соған көшіп бара жатыр. Біз неге сол тұста артқа тартқанымызды білмеймін. Бірақ жасатпай қалғанына ішім удай ашиды. Кәсіпкер миллиардтаған соманы саламын деп келді. Түріктің азаматы ма, қазақтың азаматы ма, бәрібір. Кім болса да тазалық сақтайтын, заманауи мекеме керек еді. Қазір басында не болып жатыр?! Біреулер "атадан (Бекет ата жерасты мешітінен - еск.) алыс емес жерде тұр, қонақүйге келген соң жын ойнаққа айналдырады" дейді. Қазір жын ойнақ болып жатыр, барсаңыз, арақ пен сыраның бөтелкесі жатады.

Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Tengrinews отмечает 14-летие
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети