ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
11 июля 2024 | 09:26

Медициналық қызметтің сапасына көңіл толмаса, не істеуге болады? Адвокатпен сұхбат

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстандықтар ай сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға салым жасайды. Бұл оларға ауырып не жарақат алған жағдайда тегін медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Алайда "жергілікті ауруханаға барсаң, қызмет сапасы төмен, науқасқа аса назар аудармайды, бір сөзбен айтқанда жұмыстарына жеңіл қарайды" дейтіндер көп. Сондықтан да қалталы азаматтар ақылы емхананың көмегіне жүгінеді, дегенмен орташа деңгейлі табыс табатын отбасыларда мұндай мүмкіндік бола бермейді. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Альбина Бахтиярқызынан медициналық қызметтің сапасына көңіл толмаған жағдайда не істеуге болатынын сұрады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар ай сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға салым жасайды. Бұл оларға ауырып не жарақат алған жағдайда тегін медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Алайда "жергілікті ауруханаға барсаң, қызмет сапасы төмен, науқасқа аса назар аудармайды, бір сөзбен айтқанда жұмыстарына жеңіл қарайды" дейтіндер көп. Сондықтан да қалталы азаматтар ақылы емхананың көмегіне жүгінеді, дегенмен орташа деңгейлі табыс табатын отбасыларда мұндай мүмкіндік бола бермейді. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Альбина Бахтиярқызынан медициналық қызметтің сапасына көңіл толмаған жағдайда не істеуге болатынын сұрады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Егер азамат көрсетілген медициналық қызметтің сапасына қанағаттанбаса, ұйым медициналық көмек көрсетуден бас тартса немесе азамат медицина қызметкері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтер үшін ақша бопсалау деректеріне немесе басқа да мәселелерге тап болса, ол өз құқығын қорғауға тиіс.

Медициналық қызметтің сапасына көңіл толмаса, не істеуге болады?

Маманның сөзінше, оның бірнеше жолы бар:

  1. Өзіңіздің емхана не ауруханаңыздың қабылдау бөлімінен науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметі жөнінде ақпарат алып, хабарлассаңыз болады;
  2. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының байланыс орталығына жүгінуге болады. Әр медициналық ұйым денсаулық сақтау басқармаларына бағынатындықтан, сіз сол басқармаға шағыммен жүгінуге құқылысыз;
  3. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайтында өтініш қалдыру. Ол үшін "Сұранысты жіберу" пәрменін таңдаңыз, содан кейін "Сұрақ қою / шағымдану" терезесі ашылады, ондағы барлық жолды толтыру қажет;
  4. Денсаулық сақтау министрлігіне eotinish.kz арқылы шағымдануыңызға болады.

Альбина Бахтиярқызының айтуынша, емхана қате диагноз қойып, ол өлім секілді белгілі бір ауыр салдарға әкеп соқтыратын жағдайлар шынымен де тәжірибеде кездесіп жатады. Алайда маман мұндай істі дәлелдеу қиынға соғатынын жасырмады.

"Негізі медицина саласында жасалатын қылмысты дәлелдеу өте қиын. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, кейде азаматтың өзі көмекке өте кеш жүгініп жатады. Екіншіден, азамат өзіне қандай медициналық көмек көрсетілгенін білмейді немесе медициналық құжаттарының толық болмауына байланысты істі жеңе алмайды. Үшіншіден, дәрігерлік қателік, дәрігердің қателігін дәлелдеу өте қиын, бізде тәжірибеде мұндай жағдай көп кездеседі. Сондықтан науқас медициналық көмек алатын кезде міндетті түрде өзіне не керегін білуі қажет. Мысалы, кейбір адамдардың ем-шараның түріне қарсы көрсетілімі болуы мүмкін, көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, қандай дәрі-дәрмек қолданылды, осының бәріне жіті наззар аударуы керек. Бізде адамдар мұны білмейді", - дейді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer