ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 марта 2020 | 18:53

Медведев Назарбаевпен және Тоқаевпен не туралы сөйлесті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Дмитрий Медведев. © Reuters Дмитрий Медведев. © Reuters

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев 5 наурызда Қазақстан астанасына келді. Бұдан кейін Ақорда оның Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескені туралы хабар таратты. Tengrinews.kz тілшісі Медведевтің Қазақстанға сапарында Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Нұрсұлтан Назарбаевпен өткізген кездесуде не айтылғанын ұсынады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев 5 наурызда Қазақстан астанасына келді. Бұдан кейін Ақорда оның Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескені туралы хабар таратты. Tengrinews.kz тілшісі Медведевтің Қазақстанға сапарында Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Нұрсұлтан Назарбаевпен өткізген кездесуде не айтылғанын ұсынады.

Тоқаевтың құттықтауы

Тоқаев пен Медведев екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын қарастырды. Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді.


© akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Медведевті жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтады.  

"Сіздің мемлекеттік қызметтегі бай тәжірибеңіз Ресейдің мемлекеттілігін нығайту ісіне, әсіресе қазір, елдеріңіз өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқан кезде зор үлес қосатыны сөзсіз. Конституциялық реформалардың орны ерекше. Біз оны мұқият зерттеп жатырмыз. Әрине, біз одақтас әрі стратегиялық серіктес болғандықтан, Қазақстан оған айрықша қызығушылық танытады", - деді Президент.   

Путиннің жүрекжарды сәлемі

Дмитрий Медведев өзінің жаңа лауазымда елімізге жасаған сапарының символдық мәні бар екенін айтты.

"Мен бұдан достығымыздың, одақтастығымыздың символын көріп отырмын. Менің соңғы жылдары атқарған қызметтерімдегі мемлекеттік сапарларым, ең алдымен, Сіздің еліңізге жасалды. Бұл бір-бірімізді жақсы түсінуге, стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастық қатынастарымызды нығайтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деді Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің жүрекжарды сәлемін жеткізді.

"Қазақстандағы үдерістерді мұқият бақылап отырмыз"

Дмитрий Медведев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық туралы айта келе, оның мейлінше маңызды даму кезеңінде тұрғанын атап өтті.  

"Сіз Ресейде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларға назар аудардыңыз. Біз де Қазақстандағы үдерістерді мұқият бақылап отырмыз. Достас, серіктес саналғандықтан басқаша болуы мүмкін емес. Біз бір-біріміздің дамуымызға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, белгілі бір деңгейде өткен кезеңнен, дамуымыздың кейбір сәттерінен сабақ алуымыз керек. Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары ретінде менің кездесулерімнің бұған септігі тиюі үшін тырысамын", - деді Дмитрий Медведев.  

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде, соның ішінде коронавирус індетінің таралуына қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы пікір алмасты.

"Тағы да әріптес болдық"

Ал бұдан кейін elbasy.kz ресейлік жоғары мәртебелі мейманның Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескені туралы хабар жариялады. 


© elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары мейманды құттықтап, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылдың барлық саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

"Біз Сізбен бұрыннан жұмыс істейміз, әрдайым өзара түсіністік пен ортақ тіл табысып отырдық. Өзіңізге белгілі, мен Президент өкілеттігін тоқтаттым. Қазір мен заң бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасының мәртебем бар. Сондықтан біз сізбен тағы да әріптес болдық. Сыртқы саясат мәселелері бойынша жұмыс істеп, пікір алмасайық", - деді Елбасы.

Дмитрий Медведев сондай-ақ мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

"Менің әрбір жаңа мемлекеттік позициям сыртқы саяси жағдайда Қазақстанға сапардан басталды. Бұл кездейсоқ емес. Бұл біздің одақтастық қарым-қатынастарымызды сипаттайды, сондай-ақ менің Сізге деген құрметімнің белгісі", - деп атап өтті Медведев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer