ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 июня 2020 | 13:41

Мектептерде ақылы олимпиада өтпеуі керек - Аймағамбетов

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: minsknews.by Фото: minsknews.by

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде ұйымдастырылатын ақылы олимпиадаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде ұйымдастырылатын ақылы олимпиадаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдымен министр елімізде мұндай мәселе барын ашық айтты.

"Қазір олимпиада көбейіп кетті деп айтуға болмайтын шығар. Олардың саны біршама азайды. Бірақ олимпиада әлі бар. Кейбір олимпиада ақылы болғаннан кейін оның мазмұны да жоғалып кетті. Олар тапсырманы береді. Кейін оны бала алып, үйіне барады. Туған-туыстарымен бірге тапсырманы орындап, жауабын береді. Ол жауап бойынша 1 емес, 30 адам бірінші орын, 30 адам екінші орынды алады. Сонда мұндай олимпиаданың қандай мәні бар?", - дейді Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуінде.

Оның пікірінше, осындай әрекеттің салдарынан пәндік Олимпиаданың беделі төмен түсіп кеткен.

"Бүгінде "өте жақсы олимпиада" деген ұғымның өзі ақылы олимпиаданың кесірінен беделі төмен түсті. Сондықтан біз мұны өзгерту бойынша шараны қолдадық. Біз мектептерде ақылы олимпиада өткізбеу керек деген талап қойдық. Егер оқушы үйде болғанда, сабақтан бос уақытта ақылы олимпиадаға қатысамын десе оған ешкім шектеу қоя алмайды. Өйткені, бұл - адамның жеке таңдауы", - деді министр.

Асхат Аймағамбетов білім ордаларында ақылы олимпиада ұйымдастырылмауы керегін атап өтті.

"Бірақ мектеп ұйымдастырып, олар ақылы олимпиадаға қатыс деп мәжбүрлесе, бұл басқа мәселе болып саналады. Қазір біз ақысыз олимпиадалардың санын көбейтіп жатырмыз. Ондай Олимпиадалар көп болуы керек. Бұл - балалар үшін маңызды. Біріншіден, ол ашық, адал болуы керек. Екіншіден, баланың білімін анықтайтын олимпиада болуы керек", - дейді ол.

Министр бұл мәселе бақылауда екенін жеткізді.

"10 бірінші орын, 45 екінші орын деген мәселені білімнің әбден құнсызданғанына теңеуге болады. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша тиісті шешімді қабылдап, оны бірнеше рет айттық. Сондықтан бұл мәселе шешіліп жатыр. Біраз өзгерістер бар. Алдағы уақытта бұл мәселені шешеміз деген ойдамын", - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer