ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 июня 2021 | 13:31

Министр әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы төлеуге қатысты пікірін айтты

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халық алдында есеп беру кездесуінде әр балаға 42 500 теңгеден төлеу туралы сұрақтың кейінгі кезде жиі қойылып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халық алдында есеп беру кездесуінде әр балаға 42 500 теңгеден төлеу туралы сұрақтың кейінгі кезде жиі қойылып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлық жәрдемақыны тоқтатып, әр балаға 42 500 теңгеден төлеу туралы сұрақты депутаттар да қойып жатыр, әлеуметтік желіде де, ортақ талқылауда да жүр. Бірақ біз бұл мәселенің екінші бір жағын да қарастыруымыз керек, мысалы қазірдің өзінде бізде 18 жасқа дейінгі 6 миллионнан аса бала бар. 42 мыңнан деп есептегенде оның қаражаты өте қомақты болады", - деді министр.

Шәпкеновтің айтуынша, министрліктің қазіргі бюджеті 4 триллионға жақын, оның көп бөлігі ана мен балаға жұмсалады.

"Республикалық бюджет 14 триллион, яғни үштен бірі біздің министрлікте. Оның 96 пайызы жәрдемақы, зейнетақы сияқты төлемдерге жұмсалады. Ал, ана мен балаға 700 миллиардтан аса қаражат бөлініп отыр. Оның бала күтіміне байланысты, бірреттік төлем деген сияқты түрлері бар, егер оның барлығын алып тастап, біріктірілген жәрдемақыны енгізетін болсақ, белгілі бір категориядағы адамдарда сұрақтар туындайды, сол үшін оның барлығын жіті зерттеп шығу керек", - деді Серік Шәпкенов.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазақстандық мамандар шетелдің тәжірибелерін жіті зерттеп жатыр, егер оңтайлы нұсқа табылса, елдегі жәрдемақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізіліп қалуы мүмкін.

"Қазір әлемдік жақсы тәжірибелерді қарастырып жатырмыз, оның ішінде Ресей сияқты және өзге де шет мемлекеттер бар, экономикалық жағдайымызды ескеріп, егер тиімді модельдер болса алдағы уақытта қарастырамыз", - деді министр.

Айта кетейік, биыл мамырда Мәжіліс депутаттары Қазақстанда 18 жасқа дейінгі әр балаға орташа жалақы мөлшерінде жалпыға бірдей жәрдемақы енгізуді ұсынған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer