КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
29 октября 2020 | 14:46

Министр ауылдар сапалы интернетпен қалай қамтамасыз етілетінін түсіндірді

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: arbuztoday.ru Фото: arbuztoday.ru

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздегі елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, әрі тұрғын үй кешенін салу барысында жаңа талап енгізілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздегі елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, әрі тұрғын үй кешенін салу барысында жаңа талап енгізілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазақстандықтарды сапалы интернет мәселесі толғандырады.

"Қазіргі таңда Қазақстанда 18,7 миллион адам шамамен 6 500 елді мекенде тұрады. Оның ішінде 4 751 елді мекенде әртүрлі технология: 3G, 4G және радиожелі, оптика және тағы басқасы бойынша интернет бар. Мұнда 17,5 миллион адам тұрып жатыр. Осы интернеттің сапасы мен қолжетімдігін арттыру мақсатында екі ауқымды жоба іске асырылады", - дейді дейді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Банкте техникалық ақау болса азаматтардың дербес деректері қалай қорғалады? Министр жауабы

Ауылдар сапалы интернетпен қалай қамтамасыз етіледі?

Алдымен министр ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз мәселесіне тоқталды.

"Біріншісі, ауылға оптика желісін тарту. Осы жоба аясында 1 257 елді мекенге оптика желілерін тартамыз. 75 миллирд теңге көлемінде байланыс операторларын инвестиция тартылды. Осы жылы коронавирус пандемиясына қарамастан құрылысшылардың көмегімен 944 ауылға оптика желілерін тартамыз. Қазіргі таңда 835 елді мекенге оптика желілері жеткізілді. 3 500 мемлекеттік объектілерге интернет тартылды. Олардың ішінде мектептер, ауруханалар және әкімдіктер бар", - дейді Мусин.

Ол ауылдардың аумағына оптика желілері тартылғанын да атап өтті.

"Бірақ оны ауылдағы үйлерге дейін тарту мәселесі басқа жоба аясында шешіледі. Ол мобильді интернет болып саналады. Осылайша, 928 елді мекеннің ішінде арнайы антенна матчталық құрылғылар қойылып, оның ішінде базалық станция орнатылады. Бұл 600 мыңға жуық адамды интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді министр.

Байланыс сапасы

Бағдат Мусин телефондағы интернетті пайдаланып, байланыс қызметін толық пайдалануға қатысты бірқатар мәселе барын ашық айтты.

"Қазіргі таңда сапалы интернетке қатысты нақты талап жоқ. Біріншіден, телефондағы байланыстың бір сызығы көрініп тұрса, біз ол жерде интернет бар деп есептейміз. Біз бақылаушы орган ретінде оған шара қолдана алмаймыз. Екіншіден, интернет сигналына қатысты нақты ақпарат жоқ", - дейді ол.

Министр бұл мәселелердің қалай шешілетініне тоқталды.

"Біріншіден, біз "Байланыс бар" сервисін іске қостық. Қазір сервис жұмыс істеп тұр. Бұл сервисті пайдаланған қолданушы бір кнопканы басу арқылы интернеттің жылдамдығына қатысты ақпаратты біздің базаға жібере алады. Бұл бізге елді мекендердегі интернеттің жылдамдығына қатысты ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Базадан осы ақпаратты алу арқылы біз интернет сигналы әлсіз аймақты анықтай аламыз", - дейді Мусин.

Оның айтуынша, "Байланыс бар" сервисі мамандарды интернеті әлсіз жерлерге жіберуге мүмкіндік береді.

"Яғни тиісті орындарға бақылаушы инспекторларды жібереміз. Олар интернет жылдамдығының әлсіз екенін тіркей алады, әрі мамандардың арнайы құралдары бар. Осылайша, тиісті айыппұлдарды саламыз. Бұл бізге тұрғындардың шағымына жауап беруге, әрі осы ақпарат арқылы мәселені шешуге тырысамыз", - дейді министр.

Ведомство басшысы интернеттің сапасына қатысты талап күшейетінін атап өтті.

"Екіншіден, қазіргі таңда біз тараптармен радиожиілікті тарату стандарты бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл бізге радиожиіліктердегі латифундизммен күресуге мүмкіндік береді", - дейді Мусин.

Оның пікірінше, бұл шара байланыс операторы көрсететін байланыс қызметінің сигналын арттыруға мүмкіндік береді.

"Үшіншіден, айыппұлдардың көлемін арттыру мәселесі. Бұл мәселеге қатысты қарсылық жоқ. Қазіргі таңда мұны заң жобасына енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз", - дейді министр.

Сонымен қатар, ол енді салынып жатқан тұрғын үй кешеніне оптика жүргізілмесе, ол пайдалануға берілмейтінін жеткізді.

"Төртіншіден, біз индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен тұрғын үй кешендерін пайдалануға берген кезде оған оптика желілері тартылмаса, үй пайдалануға берілмейді деген талап бойынша бір шешімге келді. Егер оптика жүргізілмесе, онда тиісті құжаттарға қол қойылмайды", - дейді министр. 

Бағдат Мусин ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де бақылау болатынын атап өтті.

"Енді көшірме жасаудың керегі жоқ". Мусин қандай құжаттар электрон форматта болатынын айтты

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer