Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 марта 2021 10:07

Министр бюджет қаржысын игермеген ведомстволар мен өңірлерді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Жыл басынан бастап 2021 жылдың 1 наурызына дейін республикалық бюджеттің 25 миллиард теңгесі игерілмей қалды. Оның 13 миллиард теңгесі үнемделген, ал 12 миллиард теңгесі игерілмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында айтты.

"Игерілмеудің неғұрлым ірі сомасы Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Әділет, Мәдениет және спорт министрліктерінде. Игермеудің негізгі себептері - конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу және дер кезінде өткізбеу, төлем жөніндегі құжаттарды ұзақ келісу, атқарылған жұмыс актілерін уақытылы ұсынбау, нақты көрсетілген қызметтер көлемі атқарылған жұмыстар үшін ақы төлеу, шарттар мен қосымша келісімдерді қазынашылық органдарына кеш ұсыну", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Ведомство басшысы бюджет қаржысын игере алмаған өңірлерді де атады: Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Нұр-Cұлтан.

Ерұлан Жамаубаев барлық мемлекеттік орган қаржыны тиімді әрі дер кезінде игеру мәселесіне ерекше назар аудару керегін айтты.

Мейірман Лес

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети