ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
30 апреля 2021 | 12:02

Министр Қазақстанда қашан маскасыз жүруге болатынын айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде маскасыз жүру мүмкіндігі қай кезде қарастырылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде маскасыз жүру мүмкіндігі қай кезде қарастырылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 30 сәуірде халық алдында есеп берген министр халықты ұжымдық иммунитет қалыптастыруға үлес қосуға шақырды.

"Әр азамат өзін қауіпсіз сезініп, ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін вакцина салдырғандардың саны ең кемі 60 пайыздан асуы керек. Осыдан кейін маска тағу режимінен шығу мүмкіндігі қарастырылады. Біздің азаматтар белсенді түрде вакцина салдырып, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына, өз жақын туыстарын қорғауға өз үлесін қосады деп үміттенеміз", - деді Цой.

Айта кетейік, 28 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 1 016 809-ға жеткен, бұл бірінші компонент, ал екінші компонентін салдырғандар саны 205 188-ге жеткен.  

Еске салайық, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 26 сәуірде тікелей эфирде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын. Бір күннен кейін ол вакцинадан кейінгі жағдайын айтты.

"Вакцина салдырғаннан кейінгі бірінші күн. Жағдайым жақсы, кеше кешке қарай екпе салынған жер сәл ауырды, ертеңгісін жазылды. Бәріне денсаулық тілеймін, вакцина салдыруға күтеміз. Өзіміз бен жақындарымызды қорғайық!", - деп жазды Цой Instagram желісіндегі парақшасында. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети