Министр Қазақстанның қандай импорт тауарларына тәуелді екенін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Бүгінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға 19 тауар кірген. Олардың ішінде Қазақстан 505 миллион АҚШ доллары көлеміндегі 6 тауар бойынша ғана импортқа тәуелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға 19 тауар кірген. Олардың ішінде Қазақстан 505 миллион АҚШ доллары көлеміндегі 6 тауар бойынша ғана импортқа тәуелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді. 

"Атап айтқанда бұл тауарлар: 191 600 тонна болатын не ішкі тұтынудың 49 пайызы көлеміндегі құс еті. Шамамен 30 мың тонна не импорт үлесі 39 пайыз мөлшеріндегі шұжық өнімдері. 21,9 мың тонна яғни жалпы тұтынудың 46,5 пайыз үлесіндегі ірімшік пен сүзбе өнімдері. 101 мың тонна не импорт үлесі 31,5 пайыз болатын алма. Сонымен қатар, шамамен 250 мың тонна не импорт үлесі 57,3 пайыз мөлешеріндегі қант және және 30,6 мың тонна яғни импорт үлесі 72 пайыз көлеміндегі балық өнімдері", - деді министр. 

Сапархан Омаровтың сөзінше, жалпы алғанда импорт алмастыру міндеті орта мерзімді перспективада 2024 жылға дейін іске асырылады. 

"Ол бойынша министрліктің нақты жоспары бар. Мысалы сүт бойынша жыл сайын кемінде 25 өнеркәсіптік тауарлық сүт фермасын пайдалануға енгізу жоспары бар. Құс етінің импортын алмастыру үшін қуаты 200 мың тонналық құс фабрикаларының қосымша пайдалануға енгізу қажет. Қазір 155 мың тонна құс етіне арналған 12 жоба жобалау мен іске асыру сатысында тұр", - дейді Сапархан Омаров. 

Министрдің сөзінше еліміздегі алма импортын алмастыру үшін 1600 гектар алаңда бақ өсіру қажет. Олар 105 мың тонна алма өндіруге мүмкіндік береді екен. 

"2020 жылға бізде 1655 гектарға дайын жобалар бар. Олар бүгінде іске асырылып жатыр", - дейді ауыл шаруашылығы министрі. 

Сапархан Омаров еліміздегі ішкі нарықты қантпен молықтыру бойынша жаңа екі зауыт салу және жұмыс істеп тұрған үш қант зауытына жаңғырту жүргізу қажет екенін атап өтті. 

Министрдің сөзінше, импорт алмастыру жөніндегі бұл салалардың іске асырылуы 2024 жылға қарай сектордың негізгі капиталына шамамен 770 миллиард теңге инвестиция тарта отырып, ішкі нарықты 80 және 100 пайызға дейін отандық өніммен молықтыруға мүмкіндік береді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 512.1  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 24
Астана 23
Актау 23
Актобе 26
Атырау 22
Б
Балхаш 28
Ж
Жезказган 19
К
Караганда 20
Кокшетау 25
Костанай 28
Кызылорда 20
П
Павлодар 18
Петропавловск 20
С
Семей 22
Т
Талдыкорган 23
Тараз 29
Туркестан 16
У
Уральск 19
Усть-Каменогорск 26
Ш
Шымкент 25

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer