Министр мемлекет қаржысын игере алмай отырған облыстарды атады

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр мемлекет қаржысын игере алмай отырған облыстарды атады Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов бюджет қаражатын игере алмай отырған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов бюджет қаражатын игере алмай отырған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысы жергілікті бюджеттердің шығыстары 213 миллиард теңге болғанын жеткізді. Оның 36 миллиард теңгесі әлі тиісті мақсатта жұмсалмапты.

"Осы жылы жергілікті бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттердің жылдық сомасы - 1 триллион 526 миллиард теңге. Осы кезеңде оларға 18 миллиардтеңге бөлінді. Алдын-ала деректер бойынша олардың 65,4 пайызы немесе 12 миллиард теңгесі игерілді. Ал 6,2 миллиард теңге орындалмаған. Оның 0,3 миллиард теңгесі үнемдеу сомасы. Сондай-ақ 5,9 миллиард теңге игерілмеген", - деді ол Үкімет отырысында.

Осы орайда қаржы министрі негізгі себептерді атады.

"Қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге, төлемнің негізі барын растайтын құжаттардың болмауына, аванс төлем мөлшерінің азаюына және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеудің ережесіне өзгерістер енгізуге байланысты", - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, ол қандай облыстардың бюджет қаражатын игере алмай отырғанын айтты.

"Ең көп игерілмеген қаражат мына өңірлерде: Түркістан облысында - 2,8 миллиард теңге; Нұр-Сұлтан қаласында - 1,6 миллиард теңге, Батыс Қазақстан облысында - 0,6 миллиард теңге", - деді министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 0
Астана -4
Актау 2
Актобе -3
Атырау 0
Б
Балхаш 0
Ж
Жезказган -3
К
Караганда -2
Кокшетау -2
Костанай 1
Кызылорда -2
П
Павлодар -2
Петропавловск -1
С
Семей -2
Т
Талдыкорган 0
Тараз 2
Туркестан 0
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 5
Ш
Шымкент -3

 

Редакция Реклама
Социальные сети