ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА КАНАЛ TENGRI LIVE

Министрлік Дулат Ағаділдің неден қайтыс болғанын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ІІМ басшысының орынбасары Арыстанғали Заппаров қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ басшысының орынбасары Арыстанғали Заппаров қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"24 ақпанда кешкі 21.00 шамасында Ақмола облысы Целиноград аудандық бөлімінің қызметкерлері сот қаулысын орындау мақсатында Талапкер елді мекенінің 1977 жылы туған азаматы Дулат Ағаділ Шәкірұлын Ақмол елді мекенінің емханасына жеткізген. Тәртіп бойынша сарапшының сараптамасы өткізілді. Сол жерде азамат Ағаділдің қанында орта дәрежедегі алкоголь бары анықталды. Сонымен қатар, дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы сот-сараптама орталығында сот-сараптамасы өткізіліп, дене жарақатының бар-жоғы анықталды", - деп хабарлады Арыстанғали Заппаров Нұр-Сұлтан Полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, камераға оқшаулау алдында одан денсаулығына байланысты ешқандай арыз-шағым болмағаны айтылады.

"Сағат таңғы алтыларда тұрғаннан кейін тамақ ішкен соң дәретханаға кетеді, одан шығысымен тізерлеп отырып құлап қалған. Камерадағылар Ағаділдің денсаулығы нашарлағанын бақылаушыға хабарлайды. Ол алғашқы көмек көрсетуге тырысып, медициналық жәрдем шақырған. Келген жедел жәрдем қызметі Ағаділдің көз жұмғанын тіркейді. Денесін қарау кезінде зорлық-зомбылық әрекеттері анықталмады", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болғаны хабарланған еді.  Сот сараптамасы қорытындысы оның ұсталған кезде мас күйде болғанын көрсетті. 

Полицейлердің мәліметінше, өілмнің алдын ала себебі - жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Денесінде ешқандай жарақат болмаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer