ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
26 марта 2021 | 14:56

Министрлік өкілі ІV тоқсанда оқушылар қалай оқитынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп оқушылары төртінші тоқсанда қалай оқитынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп оқушылары төртінші тоқсанда қалай оқитынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шолпан Каринованың сөзінше, үшінші тоқсанда қазақстандық мектептерде 2,3 миллион оқушы (66 пайызы) дәстүрлі және аралас форматта оқыды. Ал оқушылардың 1,1 миллион (34 пайызы) қашықтан оқыды. 

"Бүгінде төртінші тоқсан басталуына байланысты Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында қаралып, 25 наурызда бас санитария дәрігерінің қаулысы қабылданды. Төртінші тоқсанда оқыту форматы өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақтарда болған жағдайда барлық оқушы мектептерде аралас форматта оқуға көшеді.

Сонымен қатар, бұған дейінгідей 300-ге дейінгі оқушылар саны бар мектептер жұмыстарын дәстүрлі форматта жалғастырады. Төртінші тоқсан форматына ауысқан кезде "бір оқушы - бір кабинет" принципі сақталып, оқушылардың саны әр сыныпта 25-тен аспауы керек. Сабақ әдеттегідей 40 минуттан болады", - деп түсіндірді вице-министр. 

Шолпан Каринованың айтуынша, кейбір ерекше жағдайларда ата-аналардың өтініші негізінде бала науқастанып қалған жағдайда не ауру адаммен байланыста болған жағдайда қашықтан оқуға рұқсат берілуі керек. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети