ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
31 января 2024 | 09:12

Мобильді аударымдар 100-ден асып кетсе, салық салына ма? Басқарма басшысымен сұхбат

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Берік Каипов. Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда Берік Каипов. Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Жыл басынан бері мобильді аударымнан бас тартқан кәсіпкерлер саны артып келеді. Халық арасында "жеке аударымдарды тексереді" деген қауіп те жоқ емес. Осы мәселе төңірегінде Massaget.kz тілшісі Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Каиповпен сұхбаттасты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері мобильді аударымнан бас тартқан кәсіпкерлер саны артып келеді. Халық арасында "жеке аударымдарды тексереді" деген қауіп те жоқ емес. Осы мәселе төңірегінде Massaget.kz тілшісі Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Каиповпен сұхбаттасты.

Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.

"Жеке тұлғалардың мобильді аударымдары тексерілмейді"

Оның айтуынша, тексеріс тек кәсіпкерлерге арналған.


Берік Каипов. Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

"Кәсіпкерлердің мобильді аударымдардан бас тартуының бірінші себебі - биыл қаңтардан бастап банк ұйымдары кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді бізге беретін болады. Сол арқылы салық органдары мобильді аударымдар бойынша әкімшілендіру жұмыстарын жүргізеді. Бақылау шаралары жеке тұлғаларға әсер етпейді. Себебі бұл жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Яғни, жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдарды жасап, қабылдай беруіне болады", - деді ол.

Жеке тұлғалар арасындағы мобилді аударымдар тексерілмейді.

"Мобильді аударымдар дегеніміз - жеке тұлғаның шотынан екінші жеке тұлғаның шотына белгілі бір көлемде жіберілген ақша аударымдары. Одан бөлек мобилді төлемдер деген түсінік бар. Бұл жеке тұлғаның шотынан кәсіпкерлік қызмет үшін ашылған шотқа (жеке кәсіпкер) операция жүзеге асырылатын төлемдерді айтамыз. Жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға салық салынбайды және тексерілмейді", - деді ол.

Төлем қабылдаудан бас тартса не істеу керек?

Қолма қол төлем жасаған тұтынушы кәсіпкерден фискалды чек сұрауға міндетті. Бермеген жағдайда кәсіпкерге айыппұл салынады.


Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

"Тұтынушы қолма қол төлемжасаған жағдайда, кәсіпкер ҚР Салық кодексінің 166-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес фискалды чек беруге міндетті. Фискалды чек берілмеген жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабына сәйкес алғашында әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады. Ал заңды қайталап бұзған жағдайда – 73 840 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салынады", - деді ол

Ал төлем тәсілін қабылдаудан бас тартқан жағдайда тұтынушы өз құқығын талап етуге міндетті.

"ҚР "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңының 25-бабында көрсетілген нормаларға сәйкес тұтынушы банк картасы, QR төлемі немесе қолма-қол ақшамен төлем жасай алады. Жоғарыда аталған заң нормаларына сәйкес төлем тәсілін қабылдаудан бас тарту заңсыз. Бұл тұтынушының құқығын бұзу болып есептеледі. Мұндай жағдайда кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту беріледі. Ал заңды қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады", - деді ол.

Такси жүргізуші қалай салық төлейді?

Такси жүргізушісі жеке тасымалдаумен айналысса, міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.

Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

"Олар "Яндекс такси" арқылы немесе "е-салық бизнес" арнайы мобильді қосымшасымен жеке кәсіпкер ретінде тіркеле алады. Қазіргі таңда Алматы мен Астана таксистері үшін пилоттық нұсқада жеңілдетілген салық режимі қолданылады. Бұл мобильді қосымшаларда кассалық аппарат пен салық есептеу қолданбасы бар. "Е-салық бизнес" мобильді қосымшасына тіркелу кезінде есепті тапсырудың қажеті жоқ, барлығы қосымшада автоматты түрде шығады. "Е-салық бизнес" мобильдік қосымшасын такси жүргізушілері пайдаланған кезде салық 1 пайызды құрайды. Одан бөлек әлеуметтік аударымдары бар. Сондай-ақ, "е-салық бизнес" мобильдік қосымшасы арқылы чекті электронды форматта клиентке жібере алады. Аталған арнаулы салық режимін Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша 221 салық төлеуші пилоттық нұсқасын қолданды", - деді ол.

Әр кәсіпкер тауармен қоса кассалық чек беруі керек. Бұл - бұрыннан бар талап.

"Мобильді аударымдар тек қана жеке тұлғалардың жеке мақсаттары үшін қарастырылған. Сондықтан кәсіпкерлік мақсатта қолданылмауы керек. Кәсіпкерлік нысандардың онлайн төлем жүргізу үшін арнайы POS-терминалдары болғаны абзал. Егер жеке тұлғада үш ай қатарынан түрлі адамдардан 100-ден аса аударым жасалса, кәсіпкерлік қызмет белгілері болып саналады. Мұнда аударым саны мен сомасы есептелмейді. Тек тұлғалардың саны маңызды. Бір күн ішінде қарапайым адам туысқанына бес рет аударым жасауы мүмкін. Бірақ ол бір тұлға болып есептеледі. 100-ден аса тұлғадан аударым түсуі кәсіп жүргізу болып саналатындықтан, күдікті саналса, салықтық әкімшілендіру жүргізіледі", - деді ол.

Жалпыға бірдей декларациялау: биыл кімдер қамтылады?

Үкімет көлеңкелі эконмиканың үлесін азайту мақсатында азаматтардың ақша аударымдарын бақылап, кезең – кезеңімен декларациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Елімізде көлеңкелі экономиканың үлесі 19%- ға жуықтады. Сол үшін Үкімет азаматтардың ақша аударымдарын бақылап, кезең – кезеңімен декларациялау жұмыстарын жүргізіп, одан бөлек салықтық тексерулер, камералдық бақылау т.б. дереккөздері арқылы табыс көздерін заңдастырмақ. Осыған орай мобильдік аударымдарды бақылау жүргізіледі дегеннен қолма-қол қаржымен есептесу көбейді. Тіпті көп кәсіп иесі электронды төлем қабылдауға үзілді-кесілді қарсылық танытып жатыр. Бұл жағдай көлеңкелі кәсіпкерлікті азайтуға кедергі болатыны белгілі. Табысын жасырып, салықтан қашқан кәсіпкерлерге аталған шаралар әсер ететіні айқын".

Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer