ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
20 июня 2018 | 13:04

"Мұғалімдер жеткілікті ме?" Тоқаев бірінші сыныптан ағылшын тілін үйрету жайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мектепте ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқытудың қисынына күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы сенатор Twitter желісінде жазды.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мектепте ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқытудың қисынына күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы сенатор Twitter желісінде жазды.

"1.09 жаңа оқу жылы басталады, бұл оқу бағдарламалары туралы ойланатын қисынды себеп. Мысалы, ағылшын тілін бірінші сыныптан үйретудің қаншалықты қажеті бар? Осы тілде толығымен дайындалған мұғалімдер жеткілікті ме?", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Тоқаевтың айтуынша, тіл - үлкен саясат, сондықтан әуелі қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек.

Айта кетейік, 2015 жылы елімізде "Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы" жасалған. Осы бағдарлама бойынша, 2018-2019 оқу жылында еліміздің барлық мектебінде оқу тіліне қарамастан алтыншы сыныптан бастап "Қазақстан тарихы" пәні қазақ тілінде, "Дүниежүзі тарихы" орыс тілінде оқытылады. 

Ал 2019-2020 оқу жылынан бастап жоғары сыныптарда "Информатика", "Химия", "Биология", "Физика" пәндері ағылшын тілінде оқыту жоспарланған. Жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға 2017 жылдан бастап 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен көшу жоспарда бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети