Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 сентября 2018 13:36

"Мұнда Шыңғыс хан жерленген деген аңыз бар". Қоңыр әулие үңгірі

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоңыр әулие үңгірінің түбіндегі көл. © Тengrinews.kz Қоңыр әулие үңгірінің түбіндегі көл. © Тengrinews.kz

Тарихи деректерде Шыңғыс хан жерленген болуы мүмкін, Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов барып тамашалаған жер деп айтылатын Қоңыр әулие үңгіріне Тengrinews.kz тілшісі де барып қайтты. Бұл үңгір Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шаған өзенінің оң жағасында орналасқан.


Тарихи деректерде Шыңғыс хан жерленген болуы мүмкін, Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов барып тамашалаған жер деп айтылатын Қоңыр әулие үңгіріне Тengrinews.kz тілшісі де барып қайтты. Бұл үңгір Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шаған өзенінің оң жағасында орналасқан.

Үңгірдің кіреберісі тар, бір адам сиятындай жер ғана. Жалпы үңгірдің биіктігі 3 метрден 9 метрге дейін жетеді, ал тереңдігі 100 метрден асады. Үңгір кеңейе келе ені 12 метр және биіктігі 5 метрдей үлкен "бөлмеге" ұласады. Оның теріскей жағында күмбез тәрізді биік төбесі бар бөлігінің арғы қуысында көл бар.

Тарихшылардың айтуына қарағанда, Абай мен Мұхтардың және өзге де атақты тұлғалардың бұл үңгірге арнайы барып қайтуының өзіндік сыры бар. Себебі кезінде Құнанбай сол үңгірде Шыңғыс ханның қыстауы болғанын айтып кеткен және ұзақ жылдар бойғы зерттеулер Шыңғыс ханның дәл осы үңгірге жерленуі мүмкін екенін көрсеткен. Бұл деректерді ғалым, этнограф Ақселеу Сейдімбек көзі тірісінде жариялаған. Бұл мағлұматтарды тарихшылар әлі де зерттеп жатыр.

"Үңгірдің "Қоңыр әулие" аталуы Шыңғыс ханның жерленуімен байланысты деп ойлаймын. Ханның жерленген жерін халықтан жасыру үшін оның мүрдесін көлдің астына апарып қойған адамның аты-жөні белгісіз болғандықтан оны халық "Қоңыр әулие" деп атап кетуі де мүмкін. Бірақ ол адамның ханды жерлегенін халық білмеген. Барлығын құпия ұстаған. Ел ішіндегі әңгімелерге қарағанда, Шыңғыс Хорезм жорығына аттанарда үңгірдің ішіне өзі ғана кіріп, үш күн бойы шықпаған екен. Кейін өмірден өткенге дейін талай мәрте үлкен жорықтар алдында осылай жасап отырған. Өзі өлгеннен кейін осында жерлеуді мұрагерлеріне өсиет етіп тапсырған сияқты. Тарихи деректерді толық зерттеп, Шыңғыс ханның расында Қоңыр әулиеге жерленгенін дәлелдеу арқылы Қазақстанның туризм саласын дамытуға болады", - деді тарихшы Ардақ Беркімбай.


Үңгірдің астындағы көл.

Тарихшының айтуынша, үңгірдің ішінде 1903 жылы 3 қарашада тасты қашап жазған Абай Құнанбайұлының қолтаңбасы бар. Оның іші-сыртындағы тастардан халқымыздың бірқатар зиялысының қолтаңбасын, талай ру, ұлыстың ен-таңбасын көруге болады. Мемлекеттің қарамағына өткен "Қоңыр әулие" үңгірінің жетекшісі Ораз Әбділдиннің айтуынша, мұндай тарихи деректер бұл үңгір арқылы отандық туризмді дамытуға зор үлесін қоса алады. Тіпті қазірдің өзінде бұл үңгірге қызығушылық танытатындар көп көрінеді.

"Бұл үңгірге көбінесе Ресейден, Қырғызстаннан туристер жиі келеді. Тіпті Испания, Германия мемлекеттерінен де арнайы келгендер болды. Ал Қазақстанның түкпір-түкпірінен күнделікті бірнеше көлік тола адам келеді. Бұл үңгірдегі көлдің емдік қасиетіне сеніп, алыс жерлерден арнайы келетіндер өте көп. Көзі көрмейтін жандар, бедеулік диагнозы қойылғандар, тіпті обырға шалдыққандар көлге түсіп, кейін қайта келіп, жазылып кеткендерін айтып жатады", - деді ол.

Әбділдин үңгірге ем алу үшін келгендердің оқиғалары туралы да айтып берді.

"Елден естігенім емес, өз көзіммен көрген оқиғаларды айтып берейін. Ата-анасы кішкентай ұл баланы әкелді, жүре алмайды екен, көлге шомылып, жүріп кеткенін өз көзіммен көрдім. Астанадан бір әйел келді, оған "мидың қатерлі ісігі" деген диагноз қойылыпты. Бар мүлкін сатып, бірнеше шет елде ем алған, бірақ еш нәтиже шықпапты. Көлге түсіп қайтқан, бірнеше айдан соң оралды, жазылып кеткенін айтты. Тағы бір оқиға, омыртқасындағы ақаудан жүре алмай қалған ер адамды үңгірге көтеріп кіргізген еді. Көлге түсіріп, бір күн қонған, келесі күні жүріп кеткеніне де куә болдым", - деді Ораз Әбділдин.


© Тengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети