КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
23 августа 2021 | 16:14

"Мың бала шықса көп". Мамандар "Алтын белгі" сапасына күмәнмен қарайды

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Биыл елімізде 10 мыңға жуық түлек "Алтын белгі" алды. Мамандар медаль таратудан рекорд орнатқан мектептердегі білім сапасына күмән келтіріп отыр. Ал кейбірі тіпті бұл атаққұмарлыққа баулумен қатар, артық шығын деген ойда. Бұл туралы Aibаt жаңалықтар қызметінің сюжетінде айтылады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл елімізде 10 мыңға жуық түлек "Алтын белгі" алды. Мамандар медаль таратудан рекорд орнатқан мектептердегі білім сапасына күмән келтіріп отыр. Ал кейбірі тіпті бұл атаққұмарлыққа баулумен қатар, артық шығын деген ойда. Бұл туралы Aibаt жаңалықтар қызметінің сюжетінде айтылады. 

Жаңа талап бойынша, "Алтын белгіге" үміткер ҰБТ тапсырып, жоғары балл жинауға міндетті емес. Себебі, медаль - мектеп емтиханын тапсырғаннан кейін беріледі. PhD доктор Аятжан Ахметжан "Алтын белгіні" оңды-солды тарату үрдіске айналғанына ашынады. Өйткені, кілең беске бітірген баланың білімі, сол медальға сай емес деген пікірде.  

"Күллі Қазақстаннан мың бала шықса мен көп дер едім. Бірақ, өкінішке қарай, бізде 10 мың бала шығады. Он мың бала гений болса, біз дамыған елдер қатарына кіріп кетпей не істеп жүрміз?! Мектеп "пачкамен" таратады. Абырой, атақ үшін. Мектеп те, бала да, ата-ана да атаққұмар!" - дейді Нұр-Сұлтан қаласы 90 гимназияның директоры Аятжан Ахметжан.

Педагог сөзінің жаны бар. Себебі, жыл сайын медалист балалар көбейді. 2019 жылы төсбелгіні 7 349 оқушы, 2020 жылы 8 615 түлек иеленген. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 9 738 мектеп бітіруші "Алтын белгі" иегері атанды.

Қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев оңды-солды төсбелгі тарату балаларды атаққұмарлыққа баулумен қатар, артық шығын, дейді.

"Бір медаль құны бюджетке шамамен 10 мың теңгеге түседі. 9738 медальға бюджеттен 97 000 000 теңгеден астам ақша кетті деген сөз. Бұл сөзімді осы кезге дейін "Алтын белгі" алғандар растайды. Бюджеттен кетіп жатқан 100 миллионға жуық ақшаны басқа нәрсеге жаратуға болады. Мектеп оқушыларына аттестаттағы "Алтын белгі" деген жазу жетеді", - дейді экономист, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев.

Жылдар бойы айтылып келе жатқан сын ескертпелер енді еленетін сияқты. Білім министрлігі, бұдан былай оқушылар 5-11-сынып арасында әр тоқсанды беске бітірмесе, "Алтын белгіні" бермейтінін айтып отыр.  

"Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде дәлелдеп, кейін жоғары оқу орнына түскенде білімін көрсете алмай жатқан жағдайлар болып отыр шын мәнісінде. Осындай жағдайларды болдырмау үшін алдағы уақытта нақты "Алтын белгіге" иегер нақты оның иегері болуы керек", - дейді ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова.

Білім саласының мамандары үздік белгіге үміткерлер бөлек сыналуы керек екенін айтады. Сонда ғана шын мықтылар анықталады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer