ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
03 марта 2020 | 14:38

"Нағыз азаматтың ісі". Тоқаев кімдерге және не үшін алғыс айтқан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық "Барыстың" капитаны, канадалық хоккейші Даррен Дицқа алғыс айтқан еді. Президент түрлі жағдайға байланысты қазақстандықтарға, шетелдік шенеуніктерге алғыс білдіруді ұмытпайды. Tengrinews.kz тілшісі Тоқаевтың президенттік қызметте кімдерге және не үшін алғыс айтқанына шолу жасады.


Иконка комментария блок соц сети

Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық "Барыстың" капитаны, канадалық хоккейші Даррен Дицқа алғыс айтқан еді. Президент түрлі жағдайға байланысты қазақстандықтарға, шетелдік шенеуніктерге алғыс білдіруді ұмытпайды. Tengrinews.kz тілшісі Тоқаевтың президенттік қызметте кімдерге және не үшін алғыс айтқанына шолу жасады.

"Барыс" капитанына

Құрлықтық хоккей лигасының плэй-офф кезеңінде "Барыс" "Металлург" командасын қабылдаған. Елордалық хоккейшілер қарсыласын 4:0 есебімен жеңген.

Жанкүйерлердің есінде осы жеңіс қана емес, "Барыс" капитанының әні де қалатыны анық. Үзілісте үлкен экраннан шапан киген Даррен Дицтың бейнесі көрсетіліп, канадалық хоккейші Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

Тоқаев "Барысты" жеңісімен құттықтап, қазақша ән шырқаған Дицқа алғысын білдірді.

"Барыс" клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс "Барыс" клубын жаңа жетістіктерге жетелесін", - деп жазды Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында.

Кувейт билігіне

2019 жылы Қазақстанда "Жусан" арнайы операциясы басталған. Осы операция аясында Сирия мен Ирактағы қазақстандықтардың көбі елге оралған еді. Операция барысында Қазақстан Кувейттің әскери-әуе базасы пайдаланған.

Биыл 15 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің премьер-министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесуінде сол көмекті ұмыт қалдырған жоқ.

Мемлекет басшысы "Жусан" гуманитарлық операциясын жүзеге асыру кезінде әскери-әуе базасын пайдалану мәселесін шешуге көмектескені үшін Кувейт үкіметіне ризашылық білдірді.

Гүлдала тұрғындарына

Былтыр желтоқсанда Алматы әуежайы маңында ұшақ апатқа ұшыраған еді. Сол апаттан 11 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған болатын. Сол сәтте Алматыда жарақат алған адамдарға донор болу үшін ұзын сонар кезек адам жиналып, қан тапсырған еді.

Ал ұшақ құлаған Гүлдала ауылының тұрғындары құтқарушыларға ас дайындап, ыстық шай берген болатын. Олардың құтқарушыларға істеген көмегі Желіде талқыланған.

Көп ұзамай Қасым-Жомарт Тоқаев оларға алғысын білдірген еді.

"Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті", - деп жазған еді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Арысқа көмектескен қазақстандықтарға

Былтыр Арыстағы әскери бөлімшеде болған жарылыс барша қазақстандыққа трагедия болған. Жарылыс салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, екі адам қаза тапқан еді.

Кейін Тоқаев Арысты қалпына келтіруге қатысқандарды марапаттау рәсімінде әр облыстың қаланы қалпына келтіру жұмысына белсенді атсалысқанын атап өтті.

24.kz мәліметі бойынша, Президент қиындыққа қарамай, тұтас бір қаланың тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруді нағыз ерлік деп атаған.

"Қаланы көшіру туралы дер кезінде шешім қабылдаудың арқасында қауіп-қатердің алдын алдық. Қарапайым еңбек адамдары сын сағатта сабыр сақтап, ерен ерліктің үлгісін көрсетті(...) Мен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірген және паналатқан азаматтарға зор ризашылығымды білдіремін. Зардап шеккендерді емдеп, олардың өмірі үшін күрскен дәрігерлерге алғыс айтамын. Дәл осындай төтенше жағдайда азаматтарымыз бір адамдай жұмылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еңбек етті. Бұл біздің халқымызға тән ерекше мейірім мен қайырымдылық, парасаттылық деп білемін", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жээнбеков пен қырғыз халқына

Арыстағы жағдай алыс-жақын елдердің де назарын аударған. Көптеген мемлекет басшысы Тоқаевқа хабарласып, Арыстағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға қолдау білдірген еді. Солардың бірі - Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков.

Телефон арқылы хабарласқан Жээнбеков кісі өлімі мен ауқымды зардаптар әкелген төтенше жағдайға Қырғызстан шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өткен.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке және қырғыз халқына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

"Арыс қаласындағы төтенше оқиғаға байланысты Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің бауырлас қырғыз халқының атынан алаңдаушылық пен жанашырлық танытқанына ризашылығымды білдіремін", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Меценат Нұрлан Смағұловқа

Былтыр көпбалалы 11 отбасы Қарағанды облысы Агадырь ауылынан бір-бір үйді сыйға алған болатын. Отбасыларға мұндай сыйлықты меценат, сол ауылдың тумасы Нұрлан Смағұлов жасаған. Меценат отбасылар шығындалмауы үшін 11 үйдің ішіне жиһаз толтырған.

Сондай-ақ, оның компаниясы отбасыларға құнды сыйлықтар да табыстаған. Бақша өсіру үшін әр үйдің маңынан шағын жер учаскесі берілген.

"Көпбалалы отбасыларға тарту еткен сыйы үшін белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұловқа телефон арқылы алғыс айттым: Қарағанды облысынан 11 үй. Шын мәнінде, бұл - нағыз азаматтың ісі", - деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети