КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
31 марта 2019 | 11:22

Нан мен май ғана берген. Ақтөбелік балабақшада шу шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ата-аналар Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде өз балаларын шығарып алып жатыр. Себебі ата-аналар балаларымызға тәрбиешілер тамақ бермей, ұрып-соғады деп отыр. Тengrinews.kz тілшісіне ата-аналардың бірі Алина Обайдуллина екі баласының да осы балабақшаға барып жүргенін айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ата-аналар Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде өз балаларын шығарып алып жатыр. Себебі ата-аналар балаларымызға тәрбиешілер тамақ бермей, ұрып-соғады деп отыр. Тengrinews.kz тілшісіне ата-аналардың бірі Алина Обайдуллина екі баласының да осы балабақшаға барып жүргенін айтты.

Оның айтуынша, соңғы уақытта балалары тәрбиешілердің ұратынын айтып, жиі шағымданған. Оның үстіне, балабақшада тәрбиеші тұрақты жұмыс істемейді. Алинаның айтуынша, ай сайын жаңа тәрбиеші келеді екен.

Ал осы аптада ата-аналар балаларының дұрыс тамақтанбайтынын білген.

"Сейсенбіде ата-аналардың бірі ортақ чатқа балабақшадан сурет түсіріп жіберді. Таңғы ас кезінде балаларымыздың алдында сусын мен қара нан ғана тұр. Мән-жайды түсіну үшін түске қарай балабақшаға бардым. Іште меңгеруші жоқ екен. Балалардың түскі асқа не жеп жатқанын қарадым. Тек "бірінші тағам" ғана бар екен. Екінші асқа ештеңе жоқ. Түстен кейін де тек нан мен май беретінін айтты. Ұлдарым түскі асқа ішінде картоп қана бар сорпа ішіп отырғасын, шыдай алмай, балаларымды алып кеттім", - дейді Обайдуллина.

Балабақша басшылығы тамақ алуға ақша жоқ екенін айтқан. Себебі кей ата-ана балабақша ақшасын уақытында төлемейді-мыс.

"Ата-аналардың көбі ақшаны уақытында береді. Кейбірі бермей жатыр деп барлық баланы тамақсыз қалдыруға болмайды ғой", - деп наразылығын білдірді ол.

Алина Обайдуллина екі ұлын да балабақшадан шығарып алған. Басқа ата-аналар да басқа балабақша таңдаймыз дейді.

"Балаларым үйге аш келеді. Аса мән бермей, тамақ бере қоятынмын. Өткенде ата-аналар чатынан сурет пен видео келген соң, мен де екі баламды шығарып алдым. Бірде балабақшада ұлымның температурасы көтеріліп, ауырып қалған. Барсам, іште тәрбиеші де, медбике де жоқ екен. Тек бала күтуші ғана отыр", - дейді Рита Тәңірбайқызы.

Мұндағы жанжалдан Ақтөбе қалалық білім бөлімі хабардар. "Бұл балабақшадағы жағдайдың мән-жайын білу үшін комиссия құрылды. Қазір тексеріс жүріп жатыр", - деді қалалық білім бөлімінің бас маманы Гүлжан Әмірова.

Ол тексеріс қорытындысы алдағы аптада белгілі болатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 521.81  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer