ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 декабря 2021 | 17:47

Назарбаев 30 жыл бұрын қызметке кірісерде кімнің батасын алғанын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
1991 жылдың 10 желтоқсаны, ҚазКСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау салтанатында © e-history.kz 1991 жылдың 10 желтоқсаны, ҚазКСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау салтанатында © e-history.kz

Қазақстан Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бұрын қызметке кірісерде кімнің батасын алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бұрын қызметке кірісерде кімнің батасын алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол 1991 жылы ел Президенті қызметіне сайланған кезде Шәкір Әбенов айтқан батаны есіне түсірді.

"Осыдан 30 жыл бұрын тұңғыш Президент ретінде қызметке кірісер алдында салтанатты жиналыста халқымыздың абыз ақсақалы Шәкір Әбенов дана бабалар дәстүрімен:

Тар асу, тайғақ кешу кер белесте,
Ел тізгінін нық ұстар сен емес пе?!
Халқың сүйген перзенті бол дейтұғын,
Қарт атаң тоқсан бірде мен емес пе?!

деп айтқаны естеріңізде болар. Батаға қоса халықтың келешекке деген үміті мен арман-тілегін жеткізіп, аманат жүктегені әлі есімде. Өзім басшылық еткен 30 жылға жуық уақыт бойы мен халқымның сенімінен шығуға бар күш-жігерімді жұмсап, саналы ғұмырымды ел игілігі үшін аянбай еңбек етуге арнадым", - деді Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында. 

© alashainasy.kz

"Абай" журналы 1992 жылы Шәкір Әбеновтің Назарбаевқа берген батасының толық нұсқасын жариялаған болатын. 

"Сарыарқа – туған жерім, елім – қазақ
Қазақ елі ежелден көкседі азат.
Көп естіп, көпті көріп, аз білсем де,
Мен бір ғасыр куәсі – экспонат.
Біз көрген зобалаңда, қуғын-сүргін,
Енді ешкім көрмес үшін қанды қырғын,
Бар ұлттың тілін тауып, табыстырған,
Нұрсұлтаным, жұлдызың жанды бүгін.
Зерек ақыл, зерделі ой, батыл жүрек,
Жаманат жапсыра алмас жатың тілеп.
Қарадан хан туған деп қадірлеген,
Қазағың ғұмырыңды отыр тілеп.
Абылайым бүгінгі Сен емес пе?
Қазағым өзге жұртпен тең емес пе?!
Халқыңа Тәуелсіздік нұрын шаштың,
Тар асу, тайғанақ жол, кер белесте.
Ақ киізге көтеріп, хан сайласқан,
Қарт атаң тоқсан бірде мен емес пе?!" - деген екен Шәкір Әбенов Тұңғыш Президентке.

Айта кетейік, Шәкір Әбенов - халық ақыны, фольклоршы, сазгер. 1900 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Оның халық дастанын жаңаша толғаммен жырлаған "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" поэмасы 1937 жылы "Әдебиет және искусство" журналында жарияланған соң ақындық атағы шыққан. Әбеновтің тарихи-танымдық тақырыптарды қозғаған "Кейпін батыр" (1939), "Таңшебер - Жапал" (1962), "Ортақ арал" (1968), "Қорқыт қобызы", "Пәрмен", "Алданған қыз", "Патша мен байғыз", "Ана махаббаты", "Тоқтамыс батыр" атты дастандарды "Шыңғыстау" (1980), "Шыңғыстау сазы" (1985), "Дастандар" (1991) деп аталатын жыр жинақтарына және т.б. басылымдарға енген. "Алтай аруы", "Сары жұлдыз" секілді 20-дан аса төл ән-күйі бар. Ақын 1994 жылы туған өлкесінде қайтыс болған. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer