ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 декабря 2018 | 07:40

Назарбаев нені армандайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

"Біздің басты мақсатымыз - арман. Адамның арманы болған кезде ол ешуақытта қартаймайды. Арманмен өмір сүру қажет. Сол арманға қарай жылжу қажет. Арман өте үлкен болуы тиіс. Егер тіпті ортасына дейін жетер болсаң, онда зор табыстарға кенелесің. Бірінші кезекте мұны жастарға айтып отырмын". Бұл - Президенттің "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Біздің басты мақсатымыз - арман. Адамның арманы болған кезде ол ешуақытта қартаймайды. Арманмен өмір сүру қажет. Сол арманға қарай жылжу қажет. Арман өте үлкен болуы тиіс. Егер тіпті ортасына дейін жетер болсаң, онда зор табыстарға кенелесің. Бірінші кезекте мұны жастарға айтып отырмын". Бұл - Президенттің "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзі.

Осы сөздерінен-ақ Елбасының өте арманшыл адам екенін ұғамыз. 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Tengrinews.kz тілшісі көшбасшының Тәуелсіздік алғалы бері кітаптарынан, мақалаларынан және сөйлеген сөздерінен армандарын жинақтады.


Балалық шақ. © akorda.kz

Сонымен, Елбасы нені армандады? Қазақтың "Өсер елдің арманы бітпес, өспес елдің жанжалы бітпес" деген аталы сөзі бар. Бала кезінде ұшқыш болуды армандаған Елбасы 2010 жылы шыққан "Еуразия жүрегінде" кітабында бала кезіндегі арманын еске алады.

Болашақ президент бала кезінде Алматы облысындағы Шамалғанда болған бәйгені еске түсіреді. Бәйгеге шапқан ат Шұбарат тау аңғарының айрығына дейін бірінші келіп, тым үлкен қашықтықтан зорығып құлап түседі. Содан бері Шамалғаннан басталып, бергі тауды өзінің сүйір түмсығымен қақ жарып тұрған əлгі сайды Шұбарат аңғары деп атайды екен. "Қазір де осы тау бейне бір алып семсермен қақырата жарылғандай қос шатқалға бөлініп тұр".


© akorda.kz

"Менің үйім тұрған Подгорная көшесі, өзінің атына сай, тауға таяу бөктерде созылып жататын. Күн сайын таңертең оянған бойда көзім осы тау бөктеріне, одан əрі ақ басты асқақ Алатаудың қарлы шыңдарына түсетін. Ағарған осы қарлы шыңдар көк тəңірінің мекені іспетті, қол созымдай жерде тұрса да ешқашан жеткізбестей, кереметтей алыс көрінетін. (...)", - деп сипаттай келе Елбасы көгілдір көп таулардың шығына шықсам деген арманы болғанын былай деп жазады:

"Бір қызығы - сол кезде менде бір құпия арман болды. Мұнар басқан көгілдір көп таулардың тым болмаса ең берісінің шыңына бір шықсам шіркін деп көксейтінмін. Бұл "асқақ" арманның қай кезде кеудемде пайда болғаны есімде жоқ. Бесте ме екем, əлде жеті жастамын ба... Бірақ көз арбаған əлгі шыңға он төрт жасымда табан тірегенім жадымда. Қазір өмірімнің үштен біріне жуығы бітпейтін ресми сапарларда, дəлірек айтсам, республика ішінде немесе əлемнің түрлі елдеріне ұшу сапарларымен өтіп жатқан шақта, нағыз самғау сезімін алғаш үшаққа отырған кезде емес, əлгі көгілдір таудың шыңында тұрып төменге - маған бейне алып география картасы сияқты көрінген жазық далаға қараған сəтте сезінгенімді түсінемін. Мидай жазық дала солтүстікке қарай, көз жетпес көкжиекке дейін жазылып жатты, ал мен тұрған биіктің етегі шапшыма тікболатын. Бейне зəулім үйдің алып терезесінен қарап тұрғандай бойымды өзгеше толқыныс пен шаттық сезімі билегені бар".


© akorda.kz

"Биік тауға шықсам деген арманымды жүзеге асырған сол сəттен бастап көкірегімді дала табиғатының жанын ұқсам деген келесі бір арман жайлап жүре береді. Бұл, əрине, балалық əсер бүкіл ересек өмірді түзеді дегенді білдірмес. Бірақ өмірде болып жатқан кейбір дүниелер əлдекімнің арманының көшірмесі болғандықтан ғана іске асқан жайлар жиі кездеседі... Ал арман - бұл ересек өмірдің күнделікті күйбеңінен, беймаза тірліктен ада, еміс-еміс алыста қалған балалық сезімнің шарқ ұруы", - деп сипаттайды Президент арман ұғымын.

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір арманын ҚР Президентінің телерадиокешені түсірген "Тарих сынында" деректі фильмі үшін берген сұхбатында айтады. 

"Барлық уақытта да "даму бағдарламасы неліктен 2030 жылға дейін?" деп сұрайды. 90-шы жылдан 30-шы жылға дейін 40 жыл. Мұса жүріп өткен жол 40 жылға созылды, осы аралықта ол халқын 40 жыл бойы құм арасында алып жүрді. 2030 жылға қарай, меніңше, Қазақстанда бақуатты елде өмір сүретін мүлдем жаңа буын, жаңа адамдар болады. Міне, менің арманым осы", - деді сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев.


© akorda.kz

Ал "Жас Отан" Жастар қанатының ІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арманының орындалғанын айтты.

"Егемендіктің алғашқы жылдарын еске алайықшы!? Барлық экономика тоқтап қалған, қарым-қатынас үзілген. Қолда бар өндіріс-зауыттар ескірген. Экономика әлсіреген. Мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы, зейнеткерлерге зейнетақы тауып берудің өзі қиямет қиын болатын. Олар азғантай ғана жалақысы мен зейнетақысын алу үшін далада тұрды. Оларға ақша тауып беретін қауқарымыз болмады. Әлем қазақ деген ел барынан бейхабар еді", - дей келе Президент еліне сенгенін айтты.

"Бірақ біз ешуақытта мойыған жоқпыз. Мен ел болашағына сендім. Халқыма "шыда, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, халқымыз сауатты, жастарымыз отансүйгіш, барлығын жеңеміз" дедім. Міне, сол арманым орындалды!", - дейді Назарбаев.


© akorda.kz

Елбасының асқақ армандарының бірі - білімді, ақылды жастардың ортасын құру. 2016 жылы Назарбаев Университеті түлектерінің екінші салтанатты оқу бітіру рәсімінде сөз сөйлеген сөйлеген сөзінде ол әлемдік білім ордаларымен терезесі тең орталық елордамыздың төрінде болсын деген арманы орындалғанын мәлімдейді.

"Бүгінгі шара жастарға үлкен өмірдің жолдамасы болса, ұстаздарға өздері еккен білім дәннің жайқала өскенін көретін мерейлі сәт. Мен осыдан 6 жыл бұрын Универсиетті ашқанда әлемдік білім ордаларымен терезесі тең орталық біздің елордамыздың төрінде болсын деп армандадым. Сол арман орындалды. Елорда дүниежүзілік деңгейдегі ғылым және білім орталығы ретінде табысты жұмыс істеп келеді", - деді Президент.


Елбасы армандаған Назарбаев университеті

"Тәуелсіздік дәуірі" атты тарихи публицистика жанрында жазылған кітабында Елбасы армандаған Астана жайлы, қалада бірегей университет ашу жайлы ойларын жазған:

"Елдің жаңа елордасын, жас Астананы құрған алғашқы күндерден бастап-ақ мен осында маңызы мен деңгейі жағынан бірегей университет құруды армандадым. Дегенмен ең әуелі қаланың өзін салып алу керек. Әсем астана өзінің сәулет жауһарларымен, сарайларымен, стадиондарымен жасанып, мегаполиске айналған кезде ойымды жүзеге асыратын сәт те туды. 2006 жылғы Жолдауымда мен елордада халықаралық деңгейдегі университет
құру қажеттігін атап көрсеттім. 2007 жылы супер-университет құрудың ауқымды жұмысы басталып кетті", - деп еске алады Президент.


2016 жыл. Елбасы Наурыз мейрамында

2006 жылы шыққан "Қазақстан жолы" атты кітабында Елбасы Астананың өсуі мен даму туралы армандай жүріп, уақыттың қалай тез өткенін байқамай қалғанын айтады. 

"Құрылыстың алғашқы айларын еске алғанда, өзіммен пікірлес болған адамдар жайлы жиі ойлаймын. Өте көп адамдар еді. Сол бір күндері менімен қатар жүріп, менің шешімімді қолдаған, сондай-ақ мен секілді жаңа астана үшін жаны ауырған адамдардың барлығына орасан зор ризашылығымды білдіремін. Олар: Кисё Курокава, Владимир Ни, Аманжол Бөлекбаев, Әділбек Жақсыбеков, Николай Макиевский, Ахметжан Есімов, Фарид Галимов, Жәнібек Кәрібжанов және т.б.", - дейді Президент.


© 24.kz

"Тәуелсіздік дәуірі" кітабы Елбасы 2007 жылдың тамызында өз арманын - Абайды, Пушкинді және Шекспирді түпнұсқа тілінде бір мезгілде оқи алатын ұлтты көргісі келетінін жария етті.

"Үш тілдің бірлігі" мәдени жобасы - менің сындарлы да өміршең идеямның бірі екеніне сенімдімін", - дейді Елбасы бұл арманын айта келе.

Назарбаев 2012 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген кезде Еуразия құрлығында тыныштық пен бейбітшілік орнатуды армандайтынын айтты.

"Қиыншылықтар мен шиеленістердің, қақтығыстың көбі - Азияда. Халықтың көбі де - Азияда. Байлықтың көбісі де - Азияда. Болашақтың да тетігін табатын Азия болып табылады. Сондықтан да Азияда ынтымақтастық, сенім, тыныштық болса, бүкіл дүниежүзіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Біз кеше төраға болған ЕҚЫҰ мен АӨІСШК екеуі бірігетін болса, Еуразия деген үлкен құрлықта тыныштық пен бейбітшілік орнар еді деген арманым бар" деді Назарбаев.

Дайындаған Ардақ Құлтай

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer