Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 июня 2018 17:32

Назарбаевтың журналистермен әзілдескені туралы видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың журналистермен әзілдескені туралы видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Президенті Телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың журналистермен әзілдескені туралы видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан журналистік қоғамы бүгін кәсіби мерекесін атап өтуде. Журналист мамандығы өмірімізде ерекше орын алып, миллиондаған адамдардың сенімін тудырады. Ал кейбіреулері тіпті Президенттің сеніміне ие. Сіздердің назарларыңызға президент журналистермен әзілдескен сәтінен үзінді. Қымбатты әріптестер, баршаларыңызды мерекемен құттықтап, сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз", - делінген видеоның сипаттамасында. Айта кетейік, бүгін, 28 маусым Қазақстанда Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні.

Видеода Елбасы журналистерден "шыдатпай отырған"өзекті сұрақтардың бар-жоғын сұрайды. Осы кезде Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Бас директоры Ерлан Бекхожинге Назарбаев "Ерлан, біз үйде сөйлелесеміз", - деп әзілдейді.  

Айта кетейік, Елбасы журналистермен әзілдескенді ұнатады. Мәселен, өткен жылдың сәуірінде Президент БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Астанаға көшіп келген шенеуніктер жайлы әзілін айтқан. 

"Шенеуніктерге деп бір үй салып бердік. Сенбі сайын барлығы ұшаққа отырып, Алматыға кетіп қалады. 8 наурызда кімде-кім Алматыға кетіп қалса, оралмай-ақ қойсын дедім. Сонда олар әйелдерін сонда қалдырып, өздері қайтып келіпті", - деп қалжыңдаған еді ол. 

"Есть шутки, где больше правды". О чем любит шутить Назарбаев?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети