Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 сентября 2019 14:15

Назарбаевтың рөлінде ойнаған актер Нығматулиннен сөз естіді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңадан депутат болған Нұрлан Әлімжанов жұмысының бірінші күні Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннен сөз естіді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жаңадан депутат болған Нұрлан Әлімжанов жұмысының бірінші күні Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннен сөз естіді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ант берген Әлімжанов Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына тағайындалды. Парламенттегі жалпы отырыс басында Нығматулин актерді жаңа қызметімен құттықтаған, осы кезде Әлімжанов орнында отырған, спикер оған тұру керектігін айтып, ескерту жасады. 

"Нұрлан қайда? Тұру керек. Біз саған қол шапалақтаймыз. Отыр", - деді спикер мәжілісменге.

Нұрлан Әлімжанов Мәжілістің кулуарында Tengrinews.kz тілшісіне депутат қызметінде қандай мәселелерді көтеретінін айтып берді.

"Бірінші мақсатым әлеуметтік, мәдениет жағынан қозғайтын мәселелер, ол кино мәселесі, авторлар қоғамы бар, қазіргі қазақ эстрадасы әншілерінің беталысы, жалпы бағыты-бағдары, цензурасы мен идеологиясы мәселелерімен айналысамын. Бағытым осы болғандықтан ойым осы. Тәлім-тәрбие жағына аса назар аударсам деген ойым бар", - деді ол.

Сондай-ақ, жаңа депутат цензураға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, шығармашылықты цензурамен тығырыққа тіреуге болмайды.

"Алайда фильмдер жат қылықтарымен, тәрбиесі мен идеологиясымен жастарымызды теріс жаққа бұратын болса, қыздарымыз жалаңаштанып жүретін болса, ішімдікке бағыт бұратын болса, әрине, оның барлығында біз тәртіп енгізуіміз қажет. Өзім актер бола тұра, біраз отандық фильмдерімізге және айтылып жатқан әндерімізге қатысты қарным ашатын тұстар бар. Авторлар қоғамында да қарның ашатын тұстар бар. Айтатын мәселелер көп, оның бәрін қарық қылып, бұрқыратып шешемін деп айта алмаймын. Енді ғана кірісіп жатырмын. Бүгін ғана ант бердік, ел арасында жүрген идеямызды жүзеге асырсақ деген ойымыз бар", - деді ол.

Алайда, Әлімжанов актерлік карьерасын тоқтатпайтынын және парламент депутаттарына қойылатын талапта шығармашылықпен айналысуға шектеу қойылмайтынын айтады. 

"Бірінші кезекте депутаттық қызметім, екінші орында фильмдерім. Мәселен өзім композиторлығым да бар, ешкім оған шектеу қоймайды. Ән айтуға да шектемейді ешкім", - дейді Нұрлан Әлімжанов.

Айта кетейік, биыл 16 тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұрлан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданған еді.

Нұрлан Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде Ақмола облысы Бурабай ауылында дүниеге келген. Ол - танымал ақын, жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Баянғали Әлімжановтың жалғыз баласы. Кішкентай кезінде ғарышкер, кейін десантшы болуды армандаған Нұрлан Әлімжанов кейін әкесінің ізімен жүріп, шығармашылыққа бет бұрған. Театр мен кинода талай рөлде ойнап, хит әндерді орындаған ол бүгінде "Серпер" Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, "Жас тұлпар" жастар сыйлығының иегері, 2013 жылы Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алған. Ал биыл ҚР Президентінің жеке Алғыс хатымен марапатталған.

Депутат 2006 жылы Жансая есімді қызбен танысып, кейін отау құрған. Отбасы өмірге үш бала алып келген - Ғабдулла, Нұрмұхаммед және Томирис. 2015 жылы Әлімжанов жұбайымен ажырасып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети