ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
11 декабря 2019 | 10:10

Неге мақал-мәтелдің жартысын ғана айтып жүрміз?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Тап қазір қанша мақал білетінімізді сұрай қалса, қаншасын айтып бере аламыз? 10, 15-тің айналасында болатын шығар. Ел арасында кеңінен таралған мақалдар бар, оны күнделікті қолданамыз. "Алып - анадан", "Балық басынан шіриді", "Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады" деген секілді. Осы мақалдардың ұмыт болған екінші жартысы барын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, PhD докторы Қуаныш Жұмабекпен сұхбаттасып, мақал-мәтелдердің өзгеріске ұшырауына қандай себептер барын білді.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тап қазір қанша мақал білетінімізді сұрай қалса, қаншасын айтып бере аламыз? 10, 15-тің айналасында болатын шығар. Ел арасында кеңінен таралған мақалдар бар, оны күнделікті қолданамыз. "Алып - анадан", "Балық басынан шіриді", "Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады" деген секілді. Осы мақалдардың ұмыт болған екінші жартысы барын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, PhD докторы Қуаныш Жұмабекпен сұхбаттасып, мақал-мәтелдердің өзгеріске ұшырауына қандай себептер барын білді.  

"Бабалар сөзі" жүз томдығының 66-томына 5000-ға жуық мақал-мәтел енген. Мақал-мәтелдердің текстологиялық сараптаулар барысында көпнұсқалы мәтіндерге де жіті көңіл бөлінген. Мәселен, мына екі мақалдың мазмұнда айтарлықтай өзгешелік болмағанымен, сөз құрылымы біршама өзгергені байқалады:

Қазан баспасында 1914 жылы шыққан нұсқада былай делінген: 

"Берейін деген құлына, Айдап салар жолына. Бермейін деген құлына, Іздесе табылмас пұлына".

Дәл осы мақалды А.Васильев, 1892 жылы былай деп жазған: 

"Берейін деген құлына, Онан-мұнан құралар. Бермейін деген құлының Жалғыз атын ұры алар".

"Қазақтың ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдің орны бөлек. Оның қағаз бетіне түспеуінің өзіндік пайдасы да бар, себебі бір жерде естіп қалып, жаттап айтып жүретін болған. Осылайша мақал-мәтел күнделікті қолданысқа етене кірігіп кеткен. Жалпы мақал-мәтелдердің өзгеріске ұшырауы қалыпты жағдай, оның нақты бір авторы жоқ, ешкім де оны мен осылай шығардым, бір сөзін де өзгертпей айт дей алмайды. Әлсіз мақалдар болмады емес, болды, халық ондайды өздері өңдеп, жақсартып алған жағдайлары да кездеседі. Өзгеріске ұшыраудың көптеген себебі болуы мүмкін, оны бірақ қате деп айтуға келмейді", - дейді "Қазақ және түрік тілдеріндегі жануарларға қатысты мақал-мәтелдер бойынша салыстырмалы зерттеу" тақырыбында жазылған докторлық диссертацияның авторы Қуаныш Жұмабек.

Мақал-мәтелдің өзгеруіне не қысқаруына себептер деп маман мына жағдайларды атайды:

Ауыз әдебиеті болған соң, оның авторы болмайды, сол себепті "естіген құлақта жазық жоқтың" керіне салып, өздігінше өзгертеді, мысалы: Ағаш көркі жапырақ, Адам көркі шүберек" деген мақалдың мынадай нұсқасы бар: "Ағаш көркі - жеміс, Адам көркі - жақсы іс." Бірақ біз қазір "Адам көркі - шүберек" деп қана жүрміз. Тағы бір жиі айтылатын мақалдардың бірі "Алып анадан" деген, бірақ оның толық нұсқасы мынадай: "Алып анадан, Ат - биеден".

Диалект, әр жерде сөздердің қолданылуы әрқалай болуына байланысты өзгереді, мысалы:

"Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында".

Осының мынадай нұсқасы бар:

"Адам аласы ішінде, Мал аласы тысында".

Мұны қазіргі қазақтар "Адам аласы ішінде" деп қысқа ғана қайырып жүр. Немесе "Ажалы жеткен тышқан - мысықтың ернін тартып жатады" және "Ажалы жеткен тышқан мысықтың үстіне секіреді".

Кеңестік кезеңнің әсерінен қысқарып қалған мақалдар бар, мысалы: "Жылы жылы сөйлесең - жылан інінен шығады", Қатты қатты сөйлесең - мұсылман дінінен шығады". Бұл жерде Ыбырай Алтынсаринның "Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық" өлең жолдарындағы бірінші сөйлемі түсіп қалған секілді мақалдың жартысы атеистік заманның салдарынан қысқарып қалғанын байқауға болады.

Қазіргі заманда қолдануға келмейтін, архаизм сөздері бар мақал-мәтелдер де кездесіп жатады. Мысалы "Би жоқта құл жүреді жорада, ит жоқта шошқа үреді қорада". Бұл жерде би, құл сөздері жиі қолданбауына байланысты, бүгінде "ит жоқта шошқа үреді" деп айтып жүрміз. 

Дұрыс естілмей қалып, өзгеріске ұшыраған не ұмытылуына байланысты қысқарып қалған мақал-мәтелдер бар, мысалы "Балық басынан шіриді, Құйрығынан бастап тазалайды" немесе осы мақалдың мынадай да нұсқасы бар: "Балық басынан шіриді, Су басынан бұзылады". Неге екені белгісіз, біз қазір бұл мақалдың тек "Балық - басынан шіриді" деген жолын ғана айтып жүрміз.

"Ішің ауырса, тамағыңды тый,
Көзің ауырса, қолыңды тый" деген мақалды "Ішің ауырса аузыңды тый" деп жүрміз. 

Көшпелі қазақтың төрт-түлік пен жануарларға қатысты мақалы өте көп. Мысалы: "Қойшы көп болса,
Қой арам өледі" дейтін мақалдың "Қой бағушы көп болса, қой арам өледі" дейтін нұсқасы бар. "Қой көрмеген қой көрсе, Қуалап жүріп оттатар. Қыз көрмеген қыз көрсе, Көтеріп жүріп ұйықтатар" және "Қойды жел ұшырса, Ешкіні аспанда көресің" деген секілді төрт-түлік мал арқылы күнделікті өмірдегі құбылыстарды, саяси жағдайларды мақал арқылы сыбап отыратын болған.

Мақал-мәтелдер - халық шығармашылығының көне жанры. Ол заман өзгерген сайын молайып, толығып отырады. Халық тұрмысындағы әрбір елеулі кезең, жаугершілік пен шапқыншылық болсын, қуанышты сәттер болсын, шаруашылыққа байланысты жағдайлар, қуаныш-реніш т.б. болсын түрлі айтушылардың өңдеулерінен өтіп, қалыптасып, мақал-мәтелдерге айналады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer