ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
16 февраля 2022 | 11:07

Негізсіз баюға тыйым салатын заң қашан қабылданатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Негізсіз баюға қатысты заң 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы мәжілісте талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Негізсіз баюға қатысты заң 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы мәжілісте талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың сөзінше, заң жобасында мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары (зайыбы) шығыстарының сол тұлғалардың кірістеріне сәйкестігін бақылау енгізіледі. Сондай-ақ, фискалдық және мансаптық санкциялар белгіленеді.

"Мұндай санкциялар айтарлықтай алшақтықтар үшін ғана қолданылатын болады. Мысалы егер шығыстар мен кірістер алшақтығының сомасы ең төмен есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, мемлекеттік қызметшіге алшақтық сомасының 90 пайызы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Егер де шығыстар мен кірістер алшақтығының сомасы мемлекеттік қызметшінің жылдық кірісінен асып кетсе, онда ол теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылуға жатады. Бұл ретте әрбір жағдайда адамға шығыстарының заңдылығын негіздеу мүмкіндігі берілетін болады", - деді Ахметжанов Мәжіліс отырысында. 

Оның айтуынша, заң жобасын 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. 

"Себебі 2025 жылы өз кірістерінің мөлшері туралы республиканың барлық азаматтары есеп беретін болады, ал 2026 жылдан бастап олардың шығыстарын кірістерімен салыстыру процесі басталады", - деді Марат Ахметжанов. 

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге ақша әкетіп жатқандарды тексеру бойынша тапсырма берген болатын. 

"Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты жекелеген қаржы-өнеркәсіп топтарының капиталын шетелге шығару қаупі жоғары. Оның ішінде жалған келісімшарт жасасу арқылы. Жеке тұлғалардың шоттарында қозғалыстар барын тіркедік", - деген еді Мемлекет басшысы 11 қаңтардағы Мәжіліс отырысында.

Сондықтан Ұлттық банкке ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, барлық транзакция мен елден негізсіз қаражат шығаратын тұлғаларды нақты бақылауды және тексеруді қамтамасыз ету тапсырылды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети