2013 жылы Елбасы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес елімізде жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі үйлену, ажырасу және бала туу көрсеткіші бойынша статистиканы ұсынады.
2013 жылы Елбасы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес елімізде жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі үйлену, ажырасу және бала туу көрсеткіші бойынша статистиканы ұсынады.
Биылғы көрсеткіш қандай?
Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің 22 тамыздағы мәліметі бойынша, Қазақстанда биыл жарты жылда 45 036 жұп шаңырақ құрса, 2019 жылы жалпы 59 555 адам үйленген. Ең көбі Алматы қаласында тіркелген - 5 435 жұп үйленген, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 7 402-ге тең болған.
Екінші орында Түркістан облысы - 5 305 жұп, былтыр өңірде жартыжылдықта 6 892 жұп үйленген. Алматы облысында былтыр 6 179 жұп шаңырақ құрса, биыл 4 823 неке тіркелген.
© Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Биылғы жартыжылдықта Нұр-Сұлтанда 3 198 жұп, Қарағанды облысында 3 157 жұп шаңырақ көтерген.
2020 жылдың жарты жылында 12 мыңнан аса жұп ажырасқан. Ажырасудың ең көбі Алматыда тіркелген - 1 655, одан кейін Алматы облысында - 1 507, Қарағанды облысында 1 507, Нұр-Сұлтанда - 1 025, Шығыс Қазақстан облысында - 1 003 жұп ажырасып кеткен.
Ажырасу өте сирек болған. Ертеде қазақ қоғамында неке бұзу мәселесі қалай шешілген?
Қазақстанда некенің 40 пайызы ажырасумен аяқталады
Қазақстанда ажырасу саны өсіп барады. Көбіне солтүстік және шығыс өңірдегі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұптар ажырасатын көрінеді. Зерттеу нәтижелері БҰҰ-ның Қазақстандағы популяция саласындағы қорының қолдауымен дайындалған 18 ақпандағы талдауда жарияланды.
Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда үйлену саны азайып, ажырасу саны көбейіп жатқаны айтылған. Мысалы 2013-2018 жылдар аралығында үйлену саны жалпы республика бойынша 18 пайызға азайған, ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген - 28 пайыз.
Көрнекі сурет © elements.envato.com
2000-2018 жылдар аралығында ажырасу саны орташа есеппен екі есе көбейген. Ажырасу барлық облыста тіркелген: өсім Шығыс Қазақстан облысында 1,3 есеге, Алматы облысында 2,8 есеге дейін өскен. Елдің оңтүстік және батыс өңірінде ажырасу саны аз.
Ал ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның сөзінше, 2019 жылы да ажырасу көп тіркелген. Былтыр 60 мың дерек немесе тіркелген некелер санының 43 пайызы ажырасумен аяқталған. Алайда, министрдің сөзінше, ажырасу санының көп болуына Атаулы әлеуметтік көмектің енгізілуі себеп болуы мүмкін. Себебі материалдық көмек аламыз деген жұптар жалған түрде ажыраса бастаған.
Психолог қазақстандықтардың жиі ажырасатын 5 себебін атады
Пандемия кезіндегі жағдай қандай болды?
Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Әлем елдері эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин жариялай бастады. Қазақстанда да төтенше жағдай режимі енгізіліп, көптеген адам қашықтан жұмыс істеп, оқушылар онлайн оқи бастады.
Елімізде осы төтенше уақыт аралығында, яғни наурыз-маусым аралығында 4 587 жұп ажырасқан. Статистика комитетінің мәліметінше, пандемияның бірінші айы наурызда Қазақстанда ажырасу саны - 2 103, сәуірде - 332, мамырда - 731, маусымда - 1 421 болды. Осылайша, 2020 жылдың қаңтарынан маусымына дейін Қазақстанда барлығы 12 747 жұп ажырасқан.
Пандемия кезіндегі ажырасу саны көп болған қалалар
Бала туу көрсеткіші бойынша Қазақстандағы топ-5 өңір
Елімізде 2020 жылы алты ай ішінде елде 197 265 сәби дүниеге келді, 2019 жылы осы кезеңде 193 412 бала туған.
ТОП-5 өңір:
Түркістан облысы - 27 512 адам. Былтыр бұл жерде 26 161 сәби дүниеге келген.
Одан кейін Алматы облысы, онда жарты жылда 25 361 бала дүниеге келді, 2019 жылдың ұқсас кезеңінде 24 434 сәби туған.
Үшінші орында Алматы. Мұнда жарты жылда 16 547 сәби дүниеге келді. Өткен жылы жарты жылда 16 575 бала өмірге келген.
Одан әрі Нұр-Сұлтан қаласы. Елордада 14 123 бала дүниеге келген, 2019 жылдың бірінші жартысында қалада 14 237 сәби туған.
Бестікті алты ай ішінде Қазақстанның 13 718 жаңа азаматы тіркелген Шымкент қорытындылайды. 2019 жылдың жартысында бұл аймақта 13 018 бала дүниеге келген.
Елімізде балалар ең аз туған өңір - Солтүстік Қазақстанда облысы. 3 294 сәби дүниеге келді. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде мұнда 3 323 нәресте тіркелген.