ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 апреля 2019 | 17:29

Нұр-Сұлтан мен Алматыға LRT неге ауадай қажет - 5 себеп

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© clrt.kz © clrt.kz

Күні кеше премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смаилов Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын жалғастыру мақсатында өткен келіссөздер жайлы хабарлаған еді. Оған дейін де бұл жоба туралы, оған бөлінген қаржы мен іске қосылатын уақыты жаңалық беттерінде жазылды. Десе де, LRT деген не? Оның Алматы мен Нұр-Сұлтанға берер пайдасы қандай? Мұндай көлік жүйесін басқа елдер қалай қолданып жатыр? Көпшіліктің көкейінде жүрген осы сұрақтардың жауабын әзірлеген едік.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Күні кеше премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смаилов Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын жалғастыру мақсатында өткен келіссөздер жайлы хабарлаған еді. Оған дейін де бұл жоба туралы, оған бөлінген қаржы мен іске қосылатын уақыты жаңалық беттерінде жазылды. Десе де, LRT деген не? Оның Алматы мен Нұр-Сұлтанға берер пайдасы қандай? Мұндай көлік жүйесін басқа елдер қалай қолданып жатыр? Көпшіліктің көкейінде жүрген осы сұрақтардың жауабын әзірлеген едік.

LRT (Light Rail Transport) - метрополитен мен теміржолға қарағанда шағын, бірақ автобус маршруттарымен салыстырғанда жолаушы тасу тиімділігі мен ауқымы жоғары, жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жететін жетілдірілген жеңіл рельсті көлік жүйесі. Ол эстакадада LRT жолымен жүретін, өзге де көлік жолдарымен тоқайласпайтын қоғамдық көліктің ең қауіпсіз түрі. Оны шағын әрі жылдам трамвай десе болады. 


© clrt.kz

Бірінші себеп - мұндай қозғалыс тәсілі - маршруттық автобус, троллейбус пен таксилерге тамаша балама. Оның басты артықшылықтары - экология үшін таза, кептеліске түспейді, қала ішіндегі байланыс тиімділіген жоғарылатады. Бір жолаушыға есептегенде автомобильдермен салыстырғанда энергияны орташа есеппен жеті есе аз тұтынады және газ шығармайды. Ал технологияның жаңарып отыруы энергияны жұмсау тиімділігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Халықаралық қоғамдық көлік одағының деректері бойынша, қазір LRT қауіпсіздік деңгейі жоғары көлік ретінде қайта жандана бастады. Оның желілері құрлықтың 53 елінде бар және ол күн сайын 388 қалада 45 миллион жолаушы тасымалдайды екен. 


© alrt.kz

Екінші себеп - мамандардың айтуынша, жеңіл рельсті көлікті енгізудің арқасында қала көшелерінде көлік кептелісі мен ауаға тарайтын зиянды қалдықтар азаяды. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындары ашылып, салық түсімдері көбейеді және ыңғайлы, қауіпсіз бекеттер мен нақты жүру кестесі, жоғары дәрежелі қызмет көрсету мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ал LRT ұзындығы 22-60 метр болса, ол сағатына 3 мыңнан 11 мыңға дейін жолаушыны бір бағытта тасымалдай алады екен. 

Жобаның негізгі міндеттері заманауи көлік жүйесін жасау, жоғары деңгейлі автомобильдендірудің жағымсыз салдарын төмендету, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру болғандықтан, жоба іске қосылса, қоғамдық көлік үлесі артады, жолаушылардың жолға кететін уақыты қысқарады, автокөлік қозғалысының орташа жылдамдығы артады және автомобильдендіру деңгейі төмендейді деп жоспарлап отыр жоба авторлары. 

"Астана LRT" ЖШС мәліметіне сүйенсек, Нұр-Сұлтандағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің ұзындығы 22,4 шақырым болады, оған жабық түрдегі 18 заманауи станция, 19 көлік құрамы және Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайы маңында орналасатын депо қарастырылған. Әр көлік құрамының ұзындығы 60 метр, ені 2,8 метр, сыйымдылығы 570 адам. LRT алғашқы кезекте төрт негізгі хабты байланыстырады. Бұл Астана халықаралық әуежайы, Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандары, Абу-Даби Плаза кешені және "Нұрлы жол" жаңа теміржол вокзалы.


© clrt.kz

LRT жабық түрдегі станциялары ең соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталады. Бұл-жылыту және салқындату, ауа алмастыру жүйесі, бейнебақылау арқылы күзету, өрт шыға қалған жағдайда автоматты түрде анықтау және сөндіру тетігі қарастырылған деген сөз.

Үшінші себеп: Электронды ақы төлеу жүйесі жолаушылар автобусындағы жүйемен сәйкестендіріледі. Жол ақысы тариф саясатына сай белгіленетін болады. "Астана LRT" ЖШС мамандарының мәлімдеуінше, аталған көлік түрі Астананың климаттық жағдайына толықтай бейімделген. Жобаның 80 пайызын қытайлықтар, 20 пайызын еліміз қаржыландырады.


© almaty-lrt.kz

Ал Алматыдағы 22,7 шақырымдық жеңіл рельсті көлік жүйесі Алматы Арена мен Саяхатты жалғайды. "Ол Төле би көшесімен жүріп, Панфиловпен төмен түсіп, Мақатаев көшесімен бұрынғы Жетісу трамвай жолымен қатынайды", - деген Алматы қаласы жеңіл рельсті көлік басқару жобасы бойынша атқарушы директоры Ғани Тәжиев.

Ахметжан Есімов те мегаполис үшін LRT-ның тиімділігі мен маңызын былай түсіндірген:

"Метро ашылғалы бері алматылықтар жүрдек транспорттың артықшылықтарын бағалап та үлгерді. Енді жеңіл рельсті көлік те жолаушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Одан басқа, біздің жолдардың жай-күйін және трамвай жолдарының бар екенін ескерсек, бұл жоба әлемнің басқа қалаларындағы жеңіл рельсті көлік желілерімен салыстырғанда арзанға түседі".

Төртінші себеп: Алматы мен елордамызда салынатын жеңіл рельсті көлік жүйесі қалалардың беделі мен танымалдылығын арттыруға септігін тигізеді деген сенім бар. Себебі ол жергілікті тұрғындар мен қонақтарды қажетті мобильділікпен, жайлылықпен және қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. 


© almaty-lrt.kz

Бесінші себеп: Соңғы жүзжылдықта трамвайлардан LRT-ға өтудің артықшылығы көптеген елде қайта қаралып, 80-нен аса қалада жеңіл рельсті көлік енгізілген екен. Олар: Лондон, Париж, Мадрид, Лос-Анджелес және басқалары. 

LRT бойынша алғашқы жобалар Францияның Нант (1985 жылы) және Гренобль (1988 жылы) қалаларында сәтті жүзеге асырылған. Одан әрі Ұлыбритания, АҚШ, Германия бұл тәжірибені өзіне алды. Мұндай көлік құралы жақсы дамыған елдердің бірі Афинада саналады, онда LRT метро, автобус, троллейбустармен және қала маңындағы пойыздармен біріктірілген.

"Астана LRT" ЖШС сайтындағы мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтанда жүзеге асырылмақшы LRT жобасы - Дубай қаласында (Дубай метрополитені) қызмет көрсететін LRT жүйесінің баламасы екен. 

Дубайдағы LRT жүйесінің электр пойыздары машинистердің көмегінсіз, толықтай автомат режимде жұмыс істейді. Барлық бекет салқындату және желдету жүйелерімен жабдықталған, ауа температурасы 20 градус деңгейінде тұрады. Бұдан бөлек, барлық бекет эскалаторлармен, көшеден өтетін жерлерде траволаторлармен (жолаушылардың қозғалысын жылдамдатуға немесе жеңілдетуге арналған сатысыз жолдар) жабдықталған. Рельстер негізінен виадуктар бойынша, ал қаланың орталығында жер астымен өтеді. Платформалар пойыздардан сырғымалы есіктері бар мөлдір шынылы қабырғалармен бөлінген. Әрбір бекетті бірнеше полиция қызметкері күзетеді.


© alrt.kz

Тағы бір жарқын мысал - корейлер жасаған балама. Оңтүстік Кореяның Пусан және Кимхэ қалаларын байланыстырушы пусандық метрополитен құрылымындағы жеңіл рельсті көлік жүйесі 2011 жылдың 9 қыркүйегінде ашылған. 

Онда жолдың қашықтығы - 23,9 шақырым. LRT жүйесі 21 бекетті жалғайды. Электр пойыздары машинистердің көмегінсіз, толықтай автомат режимде жұмыс істейді.

Пусан - Кимхэ бағытындағы жеңіл рельсті көлік құрылысы 2006 жылдың ақпанында басталған. Бірқатар кідірістен кейін, әсіресе шуды төмендету мәселелеріне байланысты көлік жүйесін іске қосу біраз кейінге қалды. Десе де бес жылдан кейін 2011 жылдың 9 қыркүйегінде ол пайдалануға берілді. Сол кезде бір апта бойы жолаушыларға тегін қызмет көрсетілген.


© alrt.kz

Америкадағы Көк жол торабы (2013 жылдың мамыр айына дейін "Гайавата" деп аталды) - Миннеаполистің орталық бөлігін оның оңтүстіктегі Блумингтон қалашығымен байланыстыратын Минесота штатындағы Хеннепин аймағындағы жеңіл рельсті көлік желісі. Өз атауын желілердің көп бөлігі орналасқан Гайавата-авенюдің құрметіне алған. Жолдың ұзақтығы - 19,8 шақырым. Жүйе 2004 жылдың 26 маусымында іске қосылған. Жанармай бағасы тіптен қымбаттаған 2008 жылы бұл LRT 10,2 миллион жолаушыны тасымалдаған.

Миннеаполис пен Сент-Пол (Жасыл желі) арасындағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің желісі мен жылдам жүретін екі автобус желісінің (Сарғылт және Қызыл) құрылысы кіретін қала маңындағы көлік сызбанұсқасын біріздендіру мақсатында 2011 жылдың шілдесінде "Гайавата" желісінің атауын Көк желі деп өзгерту шешілді.


© alrt.kz

Жеңіл рельсті көлік қалада және қала маңында да жүре алады. Бұдан бөлек LRT жүйелері көлік жобалары үшін ғана емес, сонымен қатар, қаланы жетілдіру жөніндегі жоба ретінде де тиімді. Мысалы, Бразилияда LRT жаңа жүйесі (VLT Carioca) Рио-де-Жанейроның орталық ауданын жаңарту бойынша сызбаның бір бөлігіне айналған. Мамандар қала орталығы мен порт аймағы арасындағы күн сайынғы жолаушылар ағыны 300 мың адамдыға жетеді деп отыр. 

Әлемдік тәжірибе бойынша, сағатына 4-25 мың жолаушыға дейін тасымалдың LRT ең жоғары сапаны қамтамасыз етеді. Көліктің басқа ешқай түрі үнемі, пайдалану ыңғайы және қала бейнесін көркейтуге келгенде онымен тең келмейді екен.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer