ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
25 декабря 2020 | 10:50

Нұр-Сұлтанда аяз ата мен ақшақар балаларға жаңажылдық сыйлық таратады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда 650 балаға Мемлекет басшысы мен қала әкімінің жаңажылдық сыйлықтарын аяз ата мен ақшақар үйіне жеткізеді. Бұл туралы елордадағы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда 650 балаға Мемлекет басшысы мен қала әкімінің жаңажылдық сыйлықтарын аяз ата мен ақшақар үйіне жеткізеді. Бұл туралы елордадағы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Президентінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан мектеп оқушыларына жаңажылдық сыйлықтар табыстау жұмыстары ұйымдастырылды. ҚР Президентінің атынан сыйлық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 балаға берілді. 24 желтоқсанда осы балаларға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан сыйлық жиынтықтары аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан балаларға және әртүрлі жетістікке жеткен 450 балаға табысталады", - деді басқарма басшысы қала әкімдігінің онлайн-брифингінде.

Шолпан Қадырова бұл сыйлықты балаларға аяз ата мен ақшақар жеткізетінін атап өтті.

"Балаларға жаңажылдық сыйлықтарды аяз ата мен ақшақар санитарлық нормаларды сақтай отырып, баланың үйіне барып, салтанатты түрде табыстайды. Білім беру ұйымдарында жаңажылдық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес онлайн форматта өтеді", - деді ол.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан қаласы қазір коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети