ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
17 марта 2020 | 19:11

Нұр-Сұлтанда карантин: әкім қалада не өзгеретінін айтып берді

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов карантин уақытында дәрігерлер, полицейлер және коммуналдық шарушылық қызметкерлері қашықтан жұмыс істеймейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов карантин уақытында дәрігерлер, полицейлер және коммуналдық шарушылық қызметкерлері қашықтан жұмыс істеймейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қауіпсіздік шарасы күшейді

Әкімнің айтуынша, қалада коронавирус жұқтырғандардың саны 17-ге жетті.

"Осы себепті біз қауіпсіздік шарасын күшейттік. Бұл адамдармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы табылды. Олар арнайы орындарға жатқызылды. Сонымен қатар, лабораториялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. 28 қаңтар мен 10 наурыз арылығында стационарда 752 адам жатты. Қазір мұнда 318 пациент карантинде жатыр. Диагностика жасап, емдеу үшін 1051 орынға арналған медициналық орын белгіленді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Карантин енгізіледі

Осы орайда Алтай Көлгінов азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 19 наурыз күні қалада карантин енгізілетінін атап өтті.

"Бүгін премьер-министрдің төрағалығымен мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оның қорытындысына сәйкес 2020 жылдың 19 наурызында сағат 00:00-де елорда аумағында карантин енгізу туралы шешім қабылданды", - деді әкім.

Қосымша пункттер орнатылады

Ол автовокзалдарда қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынатынын, қосымша пунктер пайда болатынын жеткізді.

"Елорда аумағына кіріп шығатын жерлерге шектеу қойылады. Барлық кіріп шығатын жерлерде көлік түрлері үшін коронавирус инфекциясына күдікті адамдар немесе ауруды жұқтырғандарды анықтау үшін қосымша пункттер орнатылады", - деді Көлгінов.

Сонымен қатар, ол қала тұрғындарын карантинді коменданттық сағатпен шатастырмауға шақырды.

"Карантин шектеу қою болып саналады. Яғни азаматтар қажет болмаған жағдайда адам көп шоғырланған орындарға бармауы қажет. Бірінші, сіздерді тәртіпке шақырамыз және біздің, денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауын бақылауда және қатаң ұстануды сұраймыз", - деді қала басшысы.

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейді

Сондай-ақ, әкім карантин уақытында қандай орындар жұмыс істейтініне тоқталды.

"Қаланың сауда ойын-сауық орталықтарындағы азық-түлік дүкендері, көлік жуатын орындар мен дәріханалар ғана жұмыс істейді. Қалған сауда нүктелерінің барлығы уақытша жұмысын тоқтатады. Қаладағы ірі 12 сауда ойын-сауық орталығының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды", - деді ол.

Карантинде кімдер жұмыс істейді?

Алтай Көлгінов халыққа қызмет көрсету орындарының жұмысы уақытша шектетілетінін атап өтті. Сондай-ақ әкім карантин уақытында дәрігерлер, полицейлер және коммуналдық қызметкерлер жұмыс істей беретінін жеткізді.

"ХҚКО-ға көп адам келеді. Қазіргі уақытта шұғыл мәселе болмаса, бұл жерге баруды қоя тұруды сұраймыз. Барлық ұйымның басшыларына қызметкерлерінің 70 пайызын қашықтықтан жұмыс істеуге немесе еңбек демалысына шығару бойынша Президенттің тарапынан ұсыныс жасалды. Бұл коммуналдық, құқық қорғау, арнайы органдарға немесе медициналық қызметкерлеріне, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін орындарға қатысты емес", - деді қала басшысы. 

Сондай-ақ әкім сауда ойын-сауық орталықтарында, базарлар және коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану орындарында, халыққа қызмет көрсету орталығында, вокзалдарда, әуежайда, қонай үйлерде санитарлық дезинфекция режимі күшейтілетінін жеткізді.

Көлгінов карантин уақытында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін патрульдік полиция бақылауды күшейтетінін айтты.

Азық-түлік қоры жеткілікті

Қала басшысының айтуынша, бүгінде қоймаларда 47 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бар.

"Бұл айлық норманы толықтай жабады. Ол - 38 мың тонна. Біз қосымша бұл қоймаларды азық-түлік тауарларымен толықтырамыз", - дейді Алтай Көлгінов.

Елордаға 400 мың бетперде жеткізілді

Сонымен қатар елорда әкімі қалаға қосымша 400 мың бетперде жеткізілгенін тілге тиек етті.

"Біз кеше "СК-Фармация" компаниясының көмегімен Нұр-Сұлтан қаласына 400 мың бетперде алып келдік. Алдағы уақытта тағы 1 миллионнан астам бетпердеге тапсырыс бердік. Сондай-ақ, антисептік бойынша да тапсырыс берілді. Осы аптада антисептіктер қажетті нормада жеткізіледі", - деді ол.

 Санитарлық талап күшейеді

Сондай-ақ Алтай Көлгінов тұрғын үй кешендері үшін санитарлық талап күшейетінін атап өтті.

"Біріншіден, ПИК-терге тұрғын үй кешендеріндегі үйлердің кіре берістерін, есік тұтқаларын, баспалдақ қоршауларын және кіре берістегі лифтілердің есіктерін күніне 2 рет залалсыздандыру тапсырылды. Екіншіден, барлық коммуналдық қызметкер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды", - деді әкім.

 Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 14 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың денсаулығы туралы жазғанбыз. Кейін тағы 5 адамның қауіпті дертті жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 32-ге жетті. Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer