ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
25 июня 2020 | 09:52

Нұр-Сұлтанда тәулігіне пневмониясы асқынған 600 адам тіркеледі - Қисықова

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Пневмониясы асқынған науқастардың саны тәулігіне 600 жағдайға дейін өсті. Бұрын 80 жағдай болатын. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Пневмониясы асқынған науқастардың саны тәулігіне 600 жағдайға дейін өсті. Бұрын 80 жағдай болатын. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, коронавирус инфекциясына байланысты қала тұрғындарынан түсетін қоңырау көбейген. Елордалықтар коронавирусқа байланысты 4438 рет қоңырау шалған. Кеше жедел жәрдемге 1300 шақырту түскен. Сол себепті аумақтық емханаларда қосымша және жаңа жедел жәрдем топтарын құру туралы шешім қабылданған.

"Осы аптаның басқармалық шешімі бойынша жедел жәрдем базасында аумақтық емханалардың орта медициналық қызметкерлерін байланыс орталығы ұйымдастырылды. Онда күн сайын орта есеппен 500-ге дейін қоңырау қабылданады. Негізінен сұрақтар коронавирус инфекциясы бойынша. Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында, аумақтық емханаларда қосымша және жаңа жедел жәрдем топтарын құру туралы шешім қабылданды. Күн сайын 150-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингте.

Маманның айтуынша, күніне коронавирус инфекциясы және пневмониямен 350-400-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады.

"Жұқпалы және провизорлық ауруханаларда адамдар саны бүгінде 2,5 мыңға дейін өсіп отыр. Оның 91 пайызы орташа ауырлық дәрежесінде. 9 пайызы ауыр және өте ауыр. Олар жедел реанимация бөліміне бірден түседі. Негізі соңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 3 есе өсті. Осы тәулікте реанимация бөлімінде 103 адам жатыр. Оның 55-і коронавирус инфекциясына байланысты жатыр. Өкінішке қарай, бүгінге дейін 38 өлім жағдайы тіркелді. Олардың 70 пайызы - 60 жастан асқандар", - деді ол.

Сондай-ақ, Сәуле Қисықова пневмониямен ауыратын науқастардың саны тәулігіне 600 жағдайға дейін өскенін атап өтті. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар және пневмониясы асқынған науқастардың көбеюіне байланысты қалада қосымша инфекциялық төсек орындары дайындалған.

"Бұрын 80 жағдай болатын. Аптасына 8,5 есеге дейін жоғарылауы байқалып отыр. 12 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдардың төсек орны қорын қайта құруға байланысты жұқпалы және провизорлық ауруханалардағы төсек орны саны 1351 орынға көбейтілді. Тек соңғы 3 күнде қосымша 830 төсек дайындалды. Оның ішінде бүгін Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың базасында тағы 200 инфекциялық төсек дайындалады. Сонымен бүгінде коронавирус инфекциясымен күресуге 3 135 төсек орындық 12 денсаулық сақтау ұйымы жұмылдырылды. Қалада төсек орнының 54 пайызы бос емес. Қазіргі уақытта жұқпалы және провизорлық ауруханаларда жұмыс жүктемесі - 79 пайыз", - деді басқарма басшысы.

Еске салайық, бүгінде еліміздің бірнеше өңірінде коронавирус инфекциясымен қатар, пневмониясы асқынған науқастардың саны күн сайын артып отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети