ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
07 октября 2020 | 12:37

"Офшорларды жабуымыз керек". Антикор шенеуніктердің заңсыз кірісіне тыйым салу туралы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ria.ru Фото ria.ru

Қазақстанда офшорды жабу керек. Әйтпесе шенеуніктер заңсыз тапқан ақшасын шетелдік шоттарды сақтайды. Оның жолын кесу керек. Бұл пікірді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда офшорды жабу керек. Әйтпесе шенеуніктер заңсыз тапқан ақшасын шетелдік шоттарды сақтайды. Оның жолын кесу керек. Бұл пікірді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олжас Бектонов офшорлық, шенеуніктердің қаржысын Қаржы министрлігі қадағалап, тергейтінін атап өтті.

"Офшор мәселелері сыбайлас жемқорлыққа қатысты маңызы зор. Баяндамамда айтып өттім, Президенттің мемлекеттік қызметте жүрген азаматтарға шетелдік банктер шот ашуға тыйым салуға байланысты тиісті тапсырмасы бар. Біз қазір оны заңнамаға енгіземіз. Ал офшорды айтатын болсақ, елімізде арнайы үкімет бекіткен офшорлық юристдикцияларға қарсы жұмыс жасау жөнінде іс-шаралар жоспары бар. Мына мәселелермен айналысатынын уәкілетті орган - Қаржы министрлігі. Оның ішінде Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бар. Сол әріптестеріміз осы мәселемен тығыз айналысады. Біз де өз тарапамыздан бұл мәселелерге көңіл бөліп жатырмыз", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингте. 

Сондай-ақ Олжас Бектеновтің айтуынша, елімізде офшорлық қызметті толық жабу керек.

"Офшорларды, негізі, жабуымыз керек. Осы мүмкіндікті біздің шенеуніктер пайдаланады және заңсыз тапқан кірістерін шетелге шығарып, заңбұзушылыққа барады. Оның жолын кесу керек. Бұл бағытта жұмыс жалғасады", - деп қосты Олжас Бектенов.

Еске салайық, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Сыбайлас жемқорлықпен күресудің заңнамалық базасын жетілдіру туралы онлайн-брифинг өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Tengrinews отмечает 14-летие
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети