"Өкпесі қабынған". Мұхтар Шаханов бір аптадан бері ауруханада жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото 24.kz сайтынан Фото 24.kz сайтынан

Танымал ақын Мұхтар Шаханов бір аптадан бері ауруханада жатыр. Оның орынбасары Құдияр Біләл дәрігерлердің дұрыс көңіл бөлмей жатқанын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Танымал ақын Мұхтар Шаханов бір аптадан бері ауруханада жатыр. Оның орынбасары Құдияр Біләл дәрігерлердің дұрыс көңіл бөлмей жатқанын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желі бетінде хабарланғанындай, қазақтың бір туар дара перзенті Мұхтар Шаханов өзіңіз алаңдаушылық танытып отырған өкпе қабынуы ауруына шалдығып, Алматы қаласындағы "Қалқаман" ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ауырғанына бір жұмадан асты. Емдеу шаралары әлі күнге дейін оң нәтиже бере қойған жоқ. Аурухана әкімшілігі Шахановты ауруға шалдыққан көп адамның бірі ретінде ғана қабылдап жатыр. Ал Шаханов, өзіңіз білетіндей, КСРО кезінен бастап тәуелсіздік алуымыз үшін қызмет еткен санаулы тұлғаның бірі. Рас, жоғары билік шешімдерінің бәріне бірдей бас шұлғи бермейді. Бірақ Сіздің ұлттық мәселелерге қатысты шешімдеріңізді жоғары бағалайды", - деп жазды Біләл ашық хатында.

Шахановтың орынбасары Мемлекет басшысынан ақынның денсаулығына мемлекеттік тұрғыда назар аударуды сұраған.

"Қазақ халқы ерекше құрметтейтін Шахановтың ауруханада бір аптадан бері елеусіз ем қабылап жатуы, көпшілікке әртүрлі ой салып отыр. Оларда: "Мемлекет қазақ ұлтының мәртебесін, рухани құндылықтарын асқақтату тұрғысында бар өмірін сарп еткен Мұхтар Шаханов сияқты ұлттық тұлғалар денсаулығына неге назар аудармайды?" деген алаңдаушылық бар. Мұндай  халық алаңдаушылығын өз мүдделеріне пайдаланғысы келіп жүрген күштер де аз емес. Соған орай Сізден Мұхтар Шахановтың денсаулығына мемлекеттік тұрғыда назар аударуыңызды сұраймыз", - делінген ашық хатта.

Мұхтар Шаханов 1942 жылдың 2 шілдесінде қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген. "Отырар дастаны", "Жігерлендіру", "Шың басындағы оқиға", "Эверестке шығу", "Ғашықтық ғаламаты" секілді өлеңдердің авторы. "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" әндерін жазған. 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro