ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 февраля 2021 | 16:55

Оқу жылынан бері 8,6 мың оқушы коронавирус жұқтырды - ДСМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

1 қыркүйектен бері Қазақстанда 8,6 мыңнан аса оқушы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті сарапшысы Нұршай Әзімбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

1 қыркүйектен бері Қазақстанда 8,6 мыңнан аса оқушы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті сарапшысы Нұршай Әзімбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұршай Әзімбаеваның айтуынша, бұл оқушылардың 6 мыңнан астамы онлайн түрде оқиды. 

"Мониторинг деректеріне сүйенсек, қазіргі кезде оқушылар арасында тіркелген коронавирус жұқтыру жағдайы 2583-ке жетті. Бұл офлайн түрде оқитын балалар арасында. Ал онлайн оқитын 6089 бала коронавирус жұқтырды. Бұлар - 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін тіркелген деректер", - деді Әзімбаева ОКҚ-дағы онлайн-брифингте. 

Сондай-ақ, брифинг барысында бас мемлекеттік санитар-дәрігер Ерлан Қиясов 65 жастан асқан адамдарға вакцина салуға рұқсат берілгенін айтты. 

"23 ақпанда Қарағанды фармацевтикалық кешенінде әзірленген вацинананың 93 мың дозасын жеткізу басталды. Бұл вакцина арқылы дәрігерлерді вакцинациялау бітіп, кезек педагогтарға келеді. Өндірушінің ресми ақпаратына сәйкес, 65 жастан асқан адамдарға вакцина салуға рұқсат берілді. Тек медициналық қарсы көрсетім болмауы керек", - деді Қиясов. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети