ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
19 сентября 2023 | 10:41

"Ол ақшаны Қазақстанда 3 айда табасың". АҚШ-тағы қазақ қызы еңбек жолы мен табысы туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: instagram.com/aiym.nurr Фото: instagram.com/aiym.nurr

Тараздық Нұрайымның АҚШ-қа көшіп, сол елде визаж, make up маманы болып жүргеніне 5 айдай болды. Ол Қазақстанда да make up саласында қызмет еткен. Бүгінде ол АҚШ-та америкалық аруларды бояндырып, табысты қызмет етіп жүр. Massaget.kz тілшісі отандасымызбен сөйлесіп, шет елдегі қызметі жайлы әңгімелесті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тараздық Нұрайымның АҚШ-қа көшіп, сол елде визаж, make up маманы болып жүргеніне 5 айдай болды. Ол Қазақстанда да make up саласында қызмет еткен. Бүгінде ол АҚШ-та америкалық аруларды бояндырып, табысты қызмет етіп жүр. Massaget.kz тілшісі отандасымызбен сөйлесіп, шет елдегі қызметі жайлы әңгімелесті.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Нұрайымның визаж саласында жүргеніне 4 жылдан аса уақыт болған. Ол кішкентай кезден косметикалары көп болғанын армандап, мектептегі құрбыларын бояндырып жүрген екен.

"Визаж саласын оқытатын жоғарғы оқу орны жоқ болғандықтан әке-шешеме ауыртпалық салғым келмей жоғарғы оқу орнына грантқа түстім. Ақылы оқып не қажеті бар, егер мен басқа салаға кететін болсам деген ниетпен барынша грантқа түсуге тырыстым. Оқуға түскен соң оны оқу қажет. Міндетті түрде ол жақтағы орта, адамдар әсер етіп, қалай дегенмен де жоғарғы білім аласың. Қосымша басқа іспен айналысуға еш кедергі болған жоқ. Алматыға оқуға келген студент бірінші көп ақша тауып, тәуелсіз болуды армандайды. Сондықтан уақыт жоғалтпай, визаж курсын 10 күнде оқып шықтым", - дейді ол.


Фото: instagram.com/aiym.nurr

Нұрайымның сөзінше, бастапқыда айналасындағы адамдар оның визаж саласында жүруіне қарсы болған.

"Қазір не көп - визажист көп", "Саған клиент табылмайды", "Үлкен қалада қалай клиент табасың?", "Көп ақша керек" деген секілді сан түрлі сөздер естідім. Өзімнің мақсатымды айқын көріп тұрғандықтан, бұл менің арманым болғандықтан берілгім келмеді. Тіпті ата-анам бұл салаға қарсы болды. Басында жай бір ермек шығар, оқып бастап, кейін ұмытып кетер деп ойлады. Менде іштей бір дәлелдеймін деген ой тұрды. Бірақ ата-анама рақмет, барынша қаражатпен қолдап қолдауларын көрсетті", - дейді отандасымыз.

Сонымен Нұрайым оқуды оқып алған соң, косметика заттарын алып салонға жұмысқа тұруды шешеді. Бірнеше салонға кіріп шыққан. Қаладағы 10 салонның 9-ы оны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан.

"Тіпті бір салонның директоры маған: "қазір не көп - визажист көп, одан басқа нәрсемен айналыспайсың ба?" деп дөрекі бетімді қайтарғаны бар. Кейін бір салонға кіріп жұмыс істеп кеттім. Алғашқы табысыңды өз сүйікті ісіңмен айналысып тапқанқандықтан ерекше сезім болды. Кейін басқа салондарға кіріп, 2 жылдай жұмыс істеп жүрдім.

Біреудің салонында жұмыс істеу - жай ғана жайлы зона. Клиент бар, келесің, клиенттерді бояндырып, күнде робот секілді жұмыс істейсің. Сенің емес, салонның аты жұмыс істеп тұрады! Ал менің бір орында тұрғым келмейтіні бар. Өскім келді өз атымды шығарғым келді. 2 жылдан соң жеке шығып жұмыс істей бастадым. Instagram, жеке брендті қолға алып, өзім клиенттер іздеп, жайлы зонадан шықтым. Бастапқыда, әрине, бәрінде қорқыныш болады. Қазір сол кездегі қорқынышты жеңгенімнің арқасында 15 000 оқырман, 2000 астам клиент, 500-ге жуық шәкірт оқыттым", - дейді Нұрайым.


Фото: instagram.com/aiym.nurr

Нұрайым Instagram желісіндегі парақшасына ерекше назар аударады. Жеке бренд қалыптастырып, жұмыстарын сапалы түрде фото мен видеоға түсіріп, бөлісіп отырады. Ол осы арқылы сенімді бола бастағанын да айтады.

"Америкалықтар өте эмоционалды, әрі табиғи боянғанды жақсы көреді. Олар өте жеңіл, еш нәрсені қиындатпайды. Менен 100 пайыз өзгеріп кетулерін сұрамайды, себебі олар өздерін қабылдай біледі. Ұнаған жағдайда барынша алғысын айтып, эмоциясын көрсете алады. Оны көріп мен одан сайын рахаттанамын. Бұл жақта шайпұл мәдениеті бар. Сенің қызметіңе төлейді және алғыс ретінде үстінен шайпұл береді. Өз жұмысымды сапалы жасай білетінімді америкалық клиенттер де бірден байқады. Instagram, Facebook желісінде жазып, маған "жұмыстарың керемет" деп жылы сөздер айтады", - дейді Нұрайым.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer