КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
22 июля 2021 | 17:55

"Оны сотқа береміз". Атырау КВИ-орталығындағы науқастың даулы видеосы тарады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадрлары Видео кадрлары

Желіде "коронавирус жоқ, дәрігерлер алдап жүр" деп мәлімдеген атыраулық науқастың видеосы тарап жатыр. Әйел видеода "дәрігерлердің аты-жөні өтірік екенін, құжаттарын тартып алып, ауруханадан шығармай отырғанын" айтады. Ол емделген №2 Атырау облыстық ауруханасының әкімшілігі бұл видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде "коронавирус жоқ, дәрігерлер алдап жүр" деп мәлімдеген атыраулық науқастың видеосы тарап жатыр. Әйел видеода "дәрігерлердің аты-жөні өтірік екенін, құжаттарын тартып алып, ауруханадан шығармай отырғанын" айтады. Ол емделген №2 Атырау облыстық ауруханасының әкімшілігі бұл видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бәрінің аты өтірік екен, менің құжаттарымды тартып алды. Мына аппаратпен демалмасаңыз, өліп қаласыз деді. Сенбеңіздер, туыстарыңызды алып кетіңіздер. Ешкімге сенбеңіздер, олар ақша үшін жанын сатады. (...) Мұның бәрі өтірік, цирк. Диагнозымды оқыдым, менде тек семіздік екен. Вакцина өтірік, коронавирус өтірік", - дейді видеодағы әйел. 

Аурухана өкілдерінің айтуынша, видеодағы әйел - Махамбет ауданының тұрғыны, 1992 жылы туған Идрисова К.А. Ол №2 Атырау облыстық ауруханасы жанындағы модульдік ауруханаға ауыр деңгейдегі COVID-19 инфекциясы диагнозымен түскен.

"Диагнозы - COVID-19 өкпенің екі жақты аралас полисегментарлы қабынуы. Науқастың жалпы жағдайы динамикада тұрақтанды, оң динамикада. Санасы айқын, көңіл-күйі құбылмалы болды, ем алудан мүлдем бас тартты. Үйге жіберуін талап етті. 19 шілдеде науқастың анасы мен күйеуі ішке басып кіріп, дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірді. Сонымен қатар, ҚР бас санитария дәрігерінің бұйрығын бұзып, аурухана ішін видеоға түсірді. Әлеуметтік желіде жариялап, дәрігерлердің үстінен шағым жасады", - деді ауруханадағылар. 

Олардың хабарына қарағанда, әйелдің анасы мен күйеуі қолхат жазып, екіжақты заңды куәгерлермен бірге емделуші Идрисова үйіне жіберілді.

Дәрігерлердің айтуынша, осы жағдайға байланысты облыстық аурухана әкімшілігі қалалық прокуратура өкілдерін және барлық тиісті құзырлы орган қызметкерлерін хабардар еткен. Енді №2 Атырау облыстық ауруханасының әкімшілігі жалған ақпарат таратқан науқасты сотқа бергелі жатыр.

"Осыған байланысты жалған ақпарат таратып, оны әлеуметтік желіге жария еткені үшін №2 Атырау облыстық ауруханасының әкімшілігі әйелді сотқа беруге дайын", - деді олар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer