Тұрғындар баспаналары опырылып түссе, астында қаламыз ба деп үрейленеді. Сондықтан адам зардап шекпей тұрғанда, дереу көшіруді талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғындар баспаналары опырылып түссе, астында қаламыз ба деп үрейленеді. Сондықтан адам зардап шекпей тұрғанда, дереу көшіруді талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Темір жол вокзалы маңындағы ескі үйлердің пайдалануға берілгеніне 60 жыл болған. Бүгінде іргетастары шөгіп, құлауға шақ тұр. Кәріз жүйелері жөндеуге де келмейді. Осындай 2 қабатты 9 үй бар. Оның әрқайсысында 16 отбасы тұрады.
"Қабырғаға сызықтар түсті. Олар бірте-бірте үлкейді. Кейін мына сыртқы есік ашылмай қалды. Үйде мүгедек жолдасым бар. Кішкентай 3 немерем бар. Солардың өмірі үшін қауіптеніп, затымызды бәрін тастап, пәтер жалдап кеттік", - дейді Асыл Нарынбаева.
Фото: Massaget.kz
Апатты үйлерден шамасы жеткендер көшіп кетуде. Ал қалғандары жанын шүберекке түйіп, тұруға мәжбүр.
"Үй деген қопарылып, опырылып жатыр. Құлап кете ме деп қорқып отырмыз. Мына бала-шаға, адамдар қырылмай тұрғанда бізді көшірмей ме? Бұл үйлер жөндеуге келмейді. Біз жергілікті әкімдікке, облыс басшысына шағым айттық. Олар комиссия барады деп еді. Ешкім келмеді", - дейді Айман Жарылғасова.
Фото: Massaget.kz
Ал, әкімдіктегілер мәселе тұрғындардың өзінде дейді. Айтуларынша аталған үйлерге сараптама жүргізіліп, қорытындысы шыққан. 9 үй де күрделі жөндеуге жарамды. Бірақ, қалалық мәслихат ескі үйлердің барлығын сүріп, орнына жаңасын салу туралы шешім шығарыпты. Ал, бұл туралы тұрғындарға ескертіліпті.
"Инвесторлар дайын. 3-4 еуі бар. Мысалы:бір тұрғын үйде 10 пәтер болатын болса, соның сегізі келіседі, екеуі келіспейді. Біреулер 40 шаршы метрдің орнына 60 шаршы метр пәтер сұрап кетеді. Ал, бұған мердігер мекеме келіспейді. Сондықтан тұрғындар түгел келісім беріп, үйді босатулары керек", - дейді Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.а. Әділет Сәми.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.