РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 сентября 2024 | 16:46

Өртенген көліктен төрт адамды құтқарып қалған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

13 қыркүйек күні Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында екі көліктің соқтығысуы салдарынан болған жол апатынан бір отбасының төрт мүшесін аман алып қалған Мәди Әлиевтің есімі желіде тарады. Massaget.kz тілшісі көпшілік қаһарманына айналған азаматтан аталмыш жайт туралы сұрап білді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Мәди Әлиев – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Көкжелек ауылының тумасы. 1979 жылы туған азамат орманшы болып қызмет атқарады.

Фото: Massaget.kz

Оқиға осыдан төрт күн бұрын Шу-Мойынқұм трассасында орын алған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан Audi жеңіл көлігі қарсы бағыттағы Газель көлігімен соқтығысып, жол жиегіне шығып кеткен. Мәди Әлиевтің айтуынша, ол жұбайы екеуі Ауди көлігінің артында келе жатқан:

"Көз алдымда болған оқиға. Қарсы бағытта келе жатқан Газельмен соқтығысқан алдымдағы Ауди көлігі соққыдан кейін өртке оранды. Өзіміздің ауылдың танитын адамдары еді. Бірден көлікті тоқтатып, жалын шарпыған көліктен адамдарды аман алып қалғым келді. Барлығы "өртенесің", "қазір көлік жарылады, жақындама" деп айғайға салып, бәйек қақты. Ойымда ештеңе болмады. Тек көліктегі таныстарымды тез алып шыққым келді. Көлікте жүргізуші, ата-анасы және екі баласы болған еді. Өкініштісі, отанасы жарылыс кесірінен бірден жан тапсырған екен. Үлгере алмадым. Әкесі мен екі баласын, жүргізушіні өртеніп жатқан көліктен алып шықтым", – деді ол.

Жағдайға қатысты ресми деректер аталмады.

Қаза тапқан әйел алты баланың анасы екені айтылды. Жол апаты кезінде көлікте 1,5 жасар баласы және туылғанына он күн ғана болған шақалақ болған. Олар бірден медициналық мекемеге жеткізілді. Жағдайлары қалыпты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 478.91   532.92   5.22 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети