КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА В АКТАУ: ONLINE-ТРАНСЛЯЦИЯ
29 октября 2019 | 15:19

Орынбасарға сөгіс, Көк-Жайлауға тыйым, әкімнің өтініші - Тоқаев Алматыда не мәселе көтерді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қасым-Жомарт Тоқаев © Тұрар Қазанғапов Қасым-Жомарт Тоқаев © Тұрар Қазанғапов

Әкім орынбасарына сөгіс, Көк-Жайлау құрылысына тыйым, Сағынтаевтың өтініші, Алматыдағы проблемалар - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астанадағы сапарында бірқатар мәселені көтерді. Тengrinews.kz тілшісі Президенттің Алматыдағы сапарының бірінші күнінде қандай мәселелер көтерілгенін шолып шықты. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әкім орынбасарына сөгіс, Көк-Жайлау құрылысына тыйым, Сағынтаевтың өтініші, Алматыдағы проблемалар - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астанадағы сапарында бірқатар мәселені көтерді. Тengrinews.kz тілшісі Президенттің Алматыдағы сапарының бірінші күнінде қандай мәселелер көтерілгенін шолып шықты. 

Қала жолдары жөнделіп жатыр

Мемлекет басшысы Алматыға келісімен бірінші болып қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесті. Өңір басшысы Алматыдағы барлық ауданның тұрғындарымен кездесу өткізгенін айтты. Соның нәтижесі бойынша қалалықтар үшін өзекті және маңызды мәселелер тізімі жасалды. Солар бірінші кезекті шешімін табады, дейді әкім. 

"Алдағы үш жылда шешетін тапсырмалардың бірі - ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз ету. Қазір қала шетіндегі 23 шағын ауданда су орталықтан жабықталмаған (су тасып күн көреді). 11 шағын ауданда құрылыс-монтаж жұмыстар басталды. Қалған 12 шағын аудан 2020 жылы жасалады", - деді Сағынтаев. 

Әкімнің айтуынша, Алматыда 147 көшенің жолы жөнделген. Ал қаланың шетіндегі 120 көшеге 33 шақырымды құрайтын жаңа жолдар салынған. Сондай-ақ Сағынтаев қалада қоғамдық көліктер де жақсарғанын айтты. Сөзінше, қалаға жеке инвесторлардың көмегімен 202, әкімдіктің қаражатынан 230 автобус сатып алынған. 

Теміржол желісі салынады

Президенттің қатысуымен өткен жиналыста индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы айналасында теміржол салынатынын айтты. Оның құрылысы 2022 жылы бітеді деп жоспарланып отыр. 

Ведомство басшысының айтуынша, теміржол транзитімен жүк ағыны қарқынды өсіп келеді. Алматы станциясы арқылы Қытай мен Орта Азия елдеріне қатынайтындар көп екен. 

"Жыл сайын 20 пайызға өсіп жатыр. Соған байланысты министрлік мемлекеттік-жеке әріптестік механизмі бойынша Алматы қаласын айнала теміржол желісін салу жобасын жасап жатыр. Бұл тасымалдау мерзімін екі тәулікке, Алматы станциясын 40 пайызға жеңілдетуге жол ашады. Құрылыс жұмыстары 2020-2022 жылдар арасында өтеді", - деді министрлік басшысы. 

Экология мәселесі

Алматыда ЖЭО-2 орнына газға ауысса, атмосфераға шығатын зиян қалдық 17 есеге азаяды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бақытжан Сағынтаев айтты. 

"Экология. Бұл мәселе барша тұрғынды алаңдатады. Ықылассыз қарайтындар жоқ. Қорқынышты факторлардың бірі - зиян қалдықтар. 2018 жылы қоршаған ортаға шыққан қалдық 123 мың тонна болды, ЖЭО-2 қалдығының үлесі - 27 пайыз", - деді Алматы әкімі. 

Қазір "Самұрық-Энерго" станцияны газға алмастыруға негізделген техникалық-экономикалық негіздеме дайындап жатыр екен. 

Осыған байланысты Сағынтаев Тоқаевтан жобаның маңызына байланысты барлық процедурадан тез өту үшін "Самұрық-Қазынаға" тапсырма беруді сұрады. 

Сонымен қатар, қала басшысы селге қарсы бөгет құрылысында проблемалар бар екенін айтты. Қазір Аюсай мен Ақсай өзендерінде қорғаныс құрылысы жоқ. Алматы сел қаупі жоғары аймақ болғандықтан, бөгет құрылысы мәселесін тезірек шешуді үкіметке тапсыруды сұрады.

Электр пойыздары пайда болады

Сағынтаев Тоқаевқа қала маңындағы электр пойыздарын дамыту жоспарын да айтты. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан жиналыста Алматы әкімі қалаға Талғар және Қаскелеңнен көп қатынайтынын айтты. Әкімнің сөзінше, бұл мәселені электр теміржолдарын салу арқылы шешуге болады. 

"Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорынан әкімдікпен бірлесе отырып осы маңызды қоғамдық жобаны бастауға қолдау білдіріп, оның кезең-кезеңімен іске асуына ықпал етуді сұраймыз", - деді әкім бұған дейін "Қазақстан Темір Жолымен" біраз жұмыс атқарылғанын атап өтіп. 

"Алматы-Ұзынағаш бағыты бойынша бірнеше электр теміржол рейсі қосылды. Жаңа жылдан бастап Қапшағай бағытын қосамыз", - деді Сағынтаев.

"Даулы шешім болды"

Қасым-Жомарт Тоқаев жиналыс кезінде "трамвайлардың жұмысын тоқтатудың екіұшты шешім болғанын" атап өтті. 

"Трамвайларды тоқтату, меніңше, екіұшты шешім болды. Рельстерді жөндеуден өткізіп, трамвай парктерін жаңартып, трамвайларды қалдыру керек еді. Көліктің бұл түрі Еуропаның көптеген қаласында кеңінен қолданылып жүр. Бұл шешімді қаланың арнайы мамандарымен және қоғам өкілдерімен ақылдасу керегін айқын көрсетті", - деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, қала бойынша трамвай жүйесі 1937 жылы жұмыс істей бастаған. 1990 жылдардың ортасында көліктің бұл түрі қысқарып, қала бойынша тек екі трамвай маршруты қалған.

2015 жылы Алматыда трамвай апаты екі рет болып, сол жылы қазанда әкімдік шешімімен трамвай жұмысы тоқтаған.

"Нан мен ет өнімдері өспесін"

Жиналыс барысында Президент Алматыда нан және ет бағасын өсірмей ұстап тұруды тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қазандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 8 пайызға өскенін, ал Алматыда бұл көрсеткіш 10 пайызға жеткенін айтты. 

"Үкіметтің назарын азық-түлік бағасының күрт өсуіне жол бермеуге аударамын. Негізінен бұл нан және ет өнімдері. Мойындау керек, азық-түліктің қымбаттауы экономикамыздың әлсіздігінің айқын көрінісі. Сыртқы нарықтардағы конъюнктураның нашарлауы себеп деген секілді сылтаулар мүлде орынсыз. Белгілі экономист екенсіздер, экономикамызға бір жақсылық жасаңыздар", - деді Мемлекет басшысы.

"Сүрудің не қажеті бар еді?"

Мемлекет басшысы "Алатау" кинотеатры мен жасөспірімдер театрының сүрілуі жайлы айтты. 

"Бұрынғы қала құрылысы кезінде Алматының орталығы жайлы біраз қате кеткен. Жергілікті алматылық ретінде айтарым, Абылай хан көшесіндегі тарихи ғимараттың орнында үлкен тұрғын үй салуға келісе алмаймын. Сонымен қатар, Қабанбай батыр көшесіндегі қонақүй жайлы да. Үлкен қонақүй тұр. Барлығын жауып тастаған. "Алатау" кинотеатрының сүрілуі жайлы да сондай пікірдемін. Кинотеатр ғимаратын сүрудің не қажеті бар еді? Алматылықтар үшін маңызды нысан еді. Сонымен қатар, оған біршама уақыт пен күш-жігер жұмсалған. Алматыда мұндай мысалдарды көп келтіруге болады. Орталық аудандарда тығыз құрылысқа тыйым салынуы керек. Саябақ зоналарын көбейту қажет. Бұл қалалықтардың қызығушылығынан туған маңызды мәселе", - деді Президент. 


Ерлан Қожағапанов, Алматы әкімінің бірінші орынбасары

Алматы әкімінің орынбасарына сөгіс

Тоқаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа Көк-Төбеде кесілген алма көшеттері үшін cөгіс жариялады. 

"Швейцарияда үш жыл жұмыс істеуіме тура келді. Онда ағаштарды заңсыз кесу, тіпті бір ағашты кесіп тастау ауыр қылмыс болып саналады, себебі ол - бүкіл халықтың ортақ мүлігі. Көк-Төбедегі алма көшеттері сын көтермейді. Осыған байланысты әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялаймын. Игі істі жоқ қылдыңдар. Осы іске кіріссең - жасау керек. Қолыңнан келмесе, кіріспе", - деді Тоқаев.

"Көк-Жайлау құрылысына тыйым саламын"

Қасым-Жомарт Тоқаев Көк-Жайлауда тау-шаңғы шипажайын салу жобасына қатысты пікір білдірді. Ол бұл жобаның құрылысы проблема екенін атап өтті. 

"Қайтадан осы мәселеге оралмау үшін мен бүгін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни Көк-Жайлауда тау-шаңғы шипажайын салуға. Ол бізге керек емес", - деді Қасым Жомарт Тоқаев. 

"Сондай-ақ, оған бүкіл кәсіби экологтар мен қоғам қарсы", - деді ол.

Мас күйде рөлге отырғандарды соттау

Жиналыс барысында Мемлекет басшысы мас күйде автокөлік жүргізгендерді бас бостандығынан айыруды ұсынды. 

Президент Алматыға сапары аясындағы жиналыста қаланың тұрғындар үшін де, қонақтар үшін де қауіпсіз болуы керек екенін айтты. 

"Елімізде, оның ішінде Алматыда жол-көлік оқиғасының өте көп екені алаңдатады. Адамдар қаза тауып, жарақаттанып жатыр. Жол апатынан зардап шеккендер саны басқа елдердегі қарулы қақтығыстардан қаза табатындардың санынан аз емес. Жол қозғалысы мәдениеті қатты төмендеп кетті. Кешенді шаралар қолдану керек. Алкогольдің кез келген түрін кез келген мөлшерде қабылдап, автокөлікті басқарғаны үшін жазаны қатаңдатуды заңнамаға енгізуді тапсырдым. Бұл есірткі мен басқа да психотроптық заттарға қатысты.

Мас немесе есірткі және басқа да психотроптық заттарды қабылдаған соң саналы түрде тізгінге отырып, жол ережесін бұзғандардың бәрін түрмеге қамайық. Бұл - азаматтарымыздың заңды құқығына қарсы бағытталған ауыр қылмыс. Санасыз азаматтардың осындай әрекеттеріне солай жауап беруіміз керек. Мұндай қылмыстың ауырлығына байланысты қамап, ірі айыппұлдар салып, автокөліктерін тәркілеп, көлік жүргізу құқығынан өмір бойы айыру керек. Басқаша болмайды", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer