ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
11 сентября 2020 | 16:10

Осы жылғы эпидемиологиялық маусымға алаңдаушылық бар - Бекенов

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: vesti.ru Фото: vesti.ru

"Тұмауға қарсы екпені алу өте маңызды. Себебі, тұмау мен коронавирустың таралуына алаңдаушылық танытып отырмыз". Бұл сөзді Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Тұмауға қарсы екпені алу өте маңызды. Себебі, тұмау мен коронавирустың таралуына алаңдаушылық танытып отырмыз". Бұл сөзді Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде күз, қыс мезгіліне байланысты жұқпалы аурулар өршиді екен.

"Жыл сайын Қазақстанда 5 мыңнан 1 миллионға дейін жіті респираторлық вирустық инфекция тіркеледі. Осы аурумен көбіне 14 жасқа дейін балалар ауырады - 64 пайыздан жоғары. Яғни әрбір ауырған 3 адамның екеуі бала деген сөз. Жіті респираторлық вирустық инфекциясы мен тұмаудың маусымы негізінен қазаннан басталып, мамырға дейін жалғасады. Осы жылғы эпидемиологиялық маусымға алаңдаушылық бар. Ол COVID-19 вирусымен байланысты", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жұмабек Бекенов мамандар неге алаңдап отырғанын түсіндірді.

"Қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр. Біріншіден, келеңсіздік туңызатын фактор - екі аурудың клиникалық белгілері өте ұқсас. Яғни аурулардың білінбейтін жеңіл түрінен бастап, өте ауыр, өлімге дейін әкелетін, ауруды қоздыратын түрінің болуы. Екіншіден, бұл аурулардың таралу жолы да ұқсас. Олар байланыс жасағаннан және ауа тамшылары арқылы тарайды", - дейді департамент директоры.

Ол Қазақстанда тұмаудың 3 штаммы барын атап өтіп, тұмауға қарсы екпені алу маңызды екенін айтты.

"Тұмауға қарсы вакцина жасау алдында олардың штаммын анықтау өте маңызды. Біз осы жылы тұмаудың 3 штаммын тіркедік. Қазақстанда 3 валентті вакцина бар. Олар 2 А және В түрімен қамтылған. Демек, біз тұмауға қарсы антидене пайда болатындай жағдай жасай аламыз. Вакцина тұмаудың алдын алуға септігін тигізеді. Коронавирус таралуына байланысты екпеге баса мән беріп отырмыз. Сондықтан тұмауға қарсы екпені алу өте маңызды. Ауруларға қарсы антидене пайда болу үшін кемінде 2-3 апта уақыт керек", - деп түйіндеді сөзін Бекенов.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 661-ге жетті. 100 409 науқас дертінен айықты, 1 656 адам қайтыс болды. 

Сондай-ақ, 1 тамыздан бері COVID-19 белгісі бар пневмонияның 28 928 дерегі тіркелген. 318 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer