ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 апреля 2020 | 18:32

Осы тәжірибеден кейін білім саласы өзгеретіні айдан анық - министр қашықтан оқу жайлы

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін елімізде 2,4 миллион оқушы қашықтан интернет арқылы оқыды. ОКҚ онлайн-брифингінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытудың бірінші күні қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін елімізде 2,4 миллион оқушы қашықтан интернет арқылы оқыды. ОКҚ онлайн-брифингінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытудың бірінші күні қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қашықтан білім беру форматы еліміздің білім саласына өзгеріс әкеледі.

"Бұл тоқсан - біз үшін ерекше. Өйткені қашықтан оқу форматы бойынша алғаш рет оқуды бастадық. Қысқа мерзім ішінде дайындық жұмыстарын жүргіздік. Білім саласы үшін бұл - үлкен емтихан және тек емтихан емес, сонымен қатар, зор мүмкіндік. Осы тәжірибеден кейін білім саласы өзгеретіні айдан анық. Қысқа мерзім ішінде ұстаздарымыз қашықтан өту форматына жылдам бейімделді ", - деді министр.

Аймағамбетовтің айтуынша, бүгін елімізде 3,2 миллион оқушы қашықтан білім алуды бастаған.

"Бірінші күннің негізгі қорытындыларына тоқталғым келеді. Оңай болмаса да, қашықтан оқу форматына көштік деп толығымен айта аламыз. 3,2 миллион оқушы түрлі бағыт бойынша оқуын бастады. Кейбірі интернет желісі бойынша, біз арнайы дайындаған интернет бағдарламасының негізінде оқыса, басқа оқушылар теледидар арқылы оқыды", - деді ол.

Сонымен қатар, қашықтан білім берудің интернет бағыты арқылы 2,4 миллион бала интернет арқылы сабақ оқыған.

"Интернет жүйесіне қатысты айтатын болсақ... Интернет арқылы қашықтан 2,4 миллион бала оқыды. Тек kundelik.kz алатын болсақ, бір күннің ішінде 2,2 миллион оқушы кіріп, өз жұмысын таңғы 7-ден қазіргі уақытқа дейін жұмысын жүргізді. Ешқашан болмаған жағдай - бүгін осы kundelik.kz арқылы 32 миллион сессия өтті. Оқушылар бір рет емес, бірнеше рет кіреді-шығады, ақпарат алады дегендей ", - деді министр.

Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін мектеп оқушылары 16 наурыздан 5 сәуірге дейін каникулда болды. Бүгіннен бастап 4 бағыт бойынша қашықтан оқу форматында білім ала бастады. Мұндай формат Қазақстан тарихында алғаш рет болып отыр.

Ал мұның алдында білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова теледидарда сабақтың неліктен 10 минут өтетінін түсіндірген еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer