ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 сентября 2021 | 10:55

"Өте қауіпті болып бара жатыр". Депутаттар мектептегі буллинг мәселесін көтерді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Мәжіліс отырысында депутаттар мектептегі буллинг пен кибербуллинг мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс отырысында депутаттар мектептегі буллинг пен кибербуллинг мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, мектеп оқушыларының 12 пайызы қудалауға тап болады. Бұл олардың психиологиялық жағдайына әсер етеді, кейде тіпті суицидке де әкеп соғуы мүмкін. 

"Бұл мәселенің өзектілігі мұндай деректерге уақытында әрекет етуге жүйелік шара қолдануға әкеліп отыр. Осыған байланысты депутаттар қудалау және кибербуллинг ұғымдарын заңнамалық бекітуге арналған нормаларды қабылдауды ұсынған болатын", - деді депутат Смышляева. 

"Мұндай адаммен қарым-қатынасты үзген дұрыс". Психолог кімдер кибербуллинг жасайтынын айтты

БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылова министрлік бұл мәселе бойынша алгоритм жасайтынын айтты. 

"Бүгінде министрлік бұл мәселе бойынша жұмыс тобын құрды. Біз жұртшылықты және депутаттық корпусты осы нормативтік актіні әзірлеуге шақырамыз", - деді Бибігүл Асылова. 

Ал парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мектеп педагогтерінің буллингтің алдын алу мәселесіне қаншалықты араласып жүргенін сұрады. 

"Өкінішке қарай, біз ондай деңгейге жетпедік", - деді вице-министр. 

Нығматулин мектептегі буллинг, кибербуллинг мәселесі өзекті екенін айтты.

"Шынымен, басқаша болмайды. Буллинг және кибербуллинг өте қауіпті болып бара жатыр. Ол балалардың психологиясын бұзатын, депутат Смышляева айтқандай, суицидке дейін апаратын жол. Сондықтан балаларды, әсіресе мектеп балаларын буллингтен және кибербуллингтен толық қорғайтын нақты норманы енгізу керек. Ешкімге қарамай. Бұл балалардың болашағы, балалардың өмірі, оны ұмытпауымыз керек", - деді ол.

Нұрлан Нығматулин осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдарға екінші оқылымға дейін жұмыс атқаруды тапсырды. Айта кетейік, кибербуллинг туралы заң бірінші оқылымда мақұлданды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer